+23 бонус

ИБУПРОФЕН 200 мг №50 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: РУП «Белмедпрепараты»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ибупрофен, 200 мг, қосымша заттар: повидон К-25, магний стеараты, картоп крахмалы, қабығы: Аквариус™ Преферред қызғылт [гидроксипропилметилцеллюлоза (NRMS) 6ср, коповидон, полидекстроза, полиэтиленгликоль 3350, каприлик/каприк триглицеридтер (орта тізбекті триглицеридтер), титанның қостотығы (Е-171), кармуазин Лейк (Е-122) (15-17%)].
Қолданылуы
Бас сақинасы, арқаның ауыруы, тіс ауыруы, невралгия және етеккір кезіндегі ауырғанды, ревматизмдік және бұлшықет ауырғанын жеңілдету үшін. Ибупрофен ауыруды басады, қабыну мен температураны азайтады, бас ауыруы мен басқа да ауыруларды жеңілдетеді. Ибупрофен суық тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетеді.
Қарсы көрсетілімдер
ибупрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейінгі аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) анамнездегі жедел немесе қайталанатын пептидтік ойық жара немесе қан кету (анықталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп көріністері) анамнезінде алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класы), ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі жүктіліктің үшінші триместрі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препарат тек қысқа мерзімді ішке қабылдауға арналған. Жағымсыз реакциялардың даму қаупін барынша ең төменге азайту мақсатында ибупрофенді тиімді ең төмен дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең жоғары қысқа кезең ішінде қабылдау керек. Қысқа мерзімді қолдану кезінде, егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, пациент дәрігермен кеңесу керек. Егер ересектерде препаратты 10 күннен артық қабылдау қажет болса немесе симптомдар нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек. Қажет болған жағдайда 1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Дозалар арасында кем дегенде 4 сағат өтуі тиіс. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс (24 сағат ішінде 6 таблеткадан артық емес). Балалар Ибупрофенді 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Бүйрек / бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер, егде жастағы пациенттер Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде емдеудің ықтимал ең аз кезеңінде ең аз тиімді дозаны қолдану ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Таблеткаларды сумен ішіп, жұту керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Дозалар арасында кем дегенде 4 сағат өтуі тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.