+19 бонус

ИБУКЕМ 200 мг №10 таб

390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ибупрофен 200 мг, 400 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гипромеллоза 6 CPS, сусыз кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (GR 102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты қабықтың құрамы: Opadry white 03g28692 – гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, макрогол 600, су.
Қолданылуы
Бас ауыруы, тіс ауыруы, қызба, етеккірден болатын ауырсыну, бұлшықеттер ширығуы, арқаның ауыруы сияқты жеңіл және орташа ауыруды қысқа мерзімді басуға, сондай ақ суық тию және тұмау симптомдарын басуға арналған қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі - ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класы) - анамнездегі алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу - белсенді немесе анамнездегі қайталанатын пептикалық ойық жара / қан кету (дәлелденген ойық жараның, қан кетудің немесе басқа асқазан-ішек бұзылыстарының екі немесе одан да көп эпизодтары) - ибупрофенді, аспиринді немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдануға жауап ретінде анамнезінде жағымсыз реакциялары бар (мысалы, демікпе, бронх түйілуі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) пациенттер - жүктіліктің үшінші триместрі - 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: бастапқы доза 400 мг құрайды, содан кейін қажет болған жағдайда әр төрт сағат сайын 200-ден 400 мг-ға дейін, ең жоғары дозасы 24 сағат ішінде 1200 мг құрайды.  Балалар мен жасөспірімдер Егер жасөспірімдерге бұл дәрілік заттарды 3 күннен артық қолдану қажет болса немесе симптомдар нашарласа, дәрігермен кеңесу керек. 12 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.  Егде жастағы пациенттер Дозаны арнайы түзету қажет емес. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) жағымсыз реакцияларға бейім егде жастағы пациенттерде өте сақтықпен және айрықша мұқият бақылай отырып қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін препарат дозасын түзетудің қажеті жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуларында препарат дозасын түзетудің қажеті жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолдануға арналған. Препаратты тамақ ішу кезінде немесе одан кейін шайнамай және сұйықтықтың көп мөлшерімен ішіп қабылдау керек. Асқазаны сезімтал пациенттерге Ибукемді тамақ ішу кезінде қабылдау ұсынылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Дозалар арасындағы аралық симптоматикаға және ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты, қабылдауды 4 сағаттан ерте қайталау ұсынылмайды. Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг (6 таблетка 200 мг немесе 3 таблетка 400 мг).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.