+64 бонус

ИБУФЛЕКС 400 мг №20 таб

1290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ООО Рубикон
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ибупрофен 400 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, жүгері крахмалы, қабық (Опадрай II ақ қабықты жағуға арналған қоспаның құрамы (85F18422): поливинил спирті, макрогол 3350, тальк, титанның қостотығы).
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауырсынуды жеңілдету: бас және тіс ауыруы бас сақинасы ауыртатын етеккір невралгиялар арқаның ауыруы бұлшықет және ревматизмдік ауырсынулар тұмау және суық тию ауыру кезіндегі қызба жағдайы
Қарсы көрсетілімдер
Дәрілік препараттың құрамына кіретін ингредиенттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Анамнезінде ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (мысалы, демікпе, ринит, ангиодистрофия, есекжем). Асқазан-ішек жолы ағзаларының эрозиялық-ойық жаралы аурулары (оның ішінде өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит). Алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішек жолы (АІЖ) ойық жарасының қан кетуі немесе тесілуі. Гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатез. Шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 мл/мин-ден төмен түскен кезде бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі. Жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс). Жүктіліктің III триместрі. 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты жеке анықталады. Ересектер мен дене салмағы 40 кг-нан асатын 12 жастан асқан балаларға дәрілік препаратты әдетте күніне 1-2 рет 400 мг бастапқы дозада тағайындайды. Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза бірнеше қабылдауға баланың дене салмағына 20 мг/кг құрайды. Жылдам емдік әсерге қол жеткізу үшін доза тәулігіне 3 рет 400 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Емдік әсерге жеткенде тәуліктік доза 800 мг-ға дейін азаяды. Таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағатты құрауы тиіс. 24 сағат ішінде 3 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы адамдарда күрделі жағымсыз реакциялар қаупі жоғары. ҚҚСП қолдану қажет болса, ең аз мерзім ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдану керек. ҚҚСП емдеу кезінде пациент асқазан-ішектен қан кетуге қатысты жүйелі түрде тексерілуі тиіс. Балалар: 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Ибуфлекс 400 12 жастан асқан және дене салмағы 40 кг-нан асатын балаларға тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза бірнеше қабылдауға баланың дене салмағына 20 мг/кг құрайды. Егер жасөспірімдер бұл препаратты 3 күннен артық қабылдаса немесе симптомдар нашарласа, дәрігермен кеңесу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде ибупрофенді тағайындауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде ибупрофенді тағайындауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.