+56 бонус

ИБУФЕН УЛЬТРА 200 мг №10 капс

1130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – ибупрофен 200 мг, қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су, қабығы: сұйық сорбитол, кристалданбайтын, сұйық мальтитол, желатин.
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауыруды жеңілдету: бас және тіс ауыруы, бас сақинасы, ауырсындыратын етеккір, невралгия, арқаның ауруы, бұлшықет және ревматизмдік ауырулар. Тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызбамен болатын жай-күй.
Қарсы көрсетілімдер
ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолдануға байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету немесе қайталанатын ойық жара ауруы/анамнезінде қан кету (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары) қан кету немесе ҚҚСП қолданудан туындаған анамнездегі АІЖ ойық жарасының тесілуі жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA IV класы), бауырдың/ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер жүктілік (үшінші триместр) 12 жастан аспайтын балалар тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (сонымен қатар «Арнайы ескертулер» - Қосымша заттар бөлімін қараңыз)
Дозасы
Симптомдарды жеңілдету үшін қажет болатын ең төмен тиімді дозаны ең қысқа мерзімде қолдану керек. Егер сізде инфекция болса, симптомдар (қызба және ауырсыну сияқты) сақтала берсе немесе нашарласа, дереу дәрігерге жүгініңіз («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер (40 кг-ден жоғары): ішке 1 капсуладан (200 мг), шайнамай, тәулігіне 3-4 ретке дейін. Капсуланы сумен ішу керек. Ересектерде жылдам емдік әсерге қол жеткізу үшін бір реттік дозаны тәулігіне 3 реттен 2 капсулаға (400 мг) дейін арттыруға болады. Ересектер үшін ең көп тәуліктік доза-1200 мг құрайды. 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін ең көп тәуліктік доза-1000 мг құрайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты қабылдау арасындағы аралық 6-8 сағатты құрауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған! Жағымсыз реакцияларды симптомдарды жою үшін қажет болатын ең төмен тиімді дозаны ең қысқа кезең ішінде қолдану арқылы азайтуға болады. Егер препаратты 2-3 күн қабылдаған кезде симптомдар сақтала берсе немесе күшейсе, емдеуді тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек. Препаратты ұзақ уақыт қолдану қажет болған жағдайда (12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін - 3 күннен артық, ересектер үшін - 10 күннен артық) дәрігерге жүгіну қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат 12 жасқа толмаған балаларда қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.