+108 бонус

ИБУФЕН Малина 100 мг/5 мл 100 мл

2170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл суспензияның құрамында белсенді зат – 2.0 г ибупрофен, қосымша заттар: гипромеллоза, ксантан шайыры, глицерин, натрий бензоаты, сұйық мальтитол, натрий цитраты дигидраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, натрий хлориді, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Өмірінің 3 айынан 12 жасқа дейінгі балаларда келесі жағдайларда симптоматикалық ыстықты және ауыруды басатын дәрі ретінде (жеңіл және орташа ауырлықтағы ауырсыну синдромында): жедел респираторлық ауруларында (суық тию, тұмау) вакцинациядан кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында бас және тіс ауыруында тамақ ауыруы және тіс шығуындағы ауыруы созылу кезіндегі ауырсыну және ауырсынудың басқа түрлері.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қолдануға жауап ретінде анамнездегі аса жоғары сезімталдық реакциялар (бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем) белсенді фазада немесе анамнезінде қайталанатын пептидтік ойық жарасы/қан кету (расталған асқазан ойық жарасының немесе қан кетудің екі немесе одан да көп айқын эпизодтары) анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы жүректің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек және бауыр функциясының ауыр бұзылуы диарея жүктіліктің үшінші триместрі тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы 3 айға дейінгі балалар дене салмағы 5 кг-ден аз
Дозасы
Қолдану тәсілі Ішуге арналған. Асқазан сезімталдығы жоғары пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Шприц-дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Құтының қақпағын бұрап алу керек (төмен басу және сағат тілінің бағытына қарсы бұру керек). 2. Дозаторды құтының саңылауына қатты басу керек. 3. Құтыны біртекті суспензия алынғанға дейін қатты шайқау керек. 4. Дозаторды толтыру үшін құтыны төңкеріп, содан кейін суспензияны өлшеу шкаласындағы қажетті жерге дейін толтыра отырып, поршеньді ақырын төмен тартыңыз. 5. Құтыны бастапқы қалыпқа аударып, дозаторды абайлап бұрап, құтыдан шығару керек. 6. Дозатордың ұшын баланың аузына салу керек, содан кейін поршеньді баяу басып, дозатордың ішіндегісін ақырын басып шығарыңыз. 7. Қолданғаннан кейін құтыны бұрандалы қақпақпен жауып, дозаторды жуып, кептіру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.