+101 бонус

ИБУФЕН Д клубника 100 мг/5 мл 120 мл

2030 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл суспензияның құрамында әсер ететін зат: ибупрофен 2.000 г қосымша заттар: гипромеллоза, ксантан шайыры, глицерин, натрий бензоаты, сұйық мальтитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, натрий хлориді, құлпынай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Әртүрлі генездегі дене температурасының жоғарылауы: суық тию аурулары жедел респираторлық вирустық инфекциялар тұмауда дене температурасының жоғарылауымен бірге жүретін балалар инфекциясы екпеден кейінгі реакциялар Шығу тегі әртүрлі, әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауырсыну синдромы: құлақтың ауыруы (ортаңғы құлақтағы қабыну процесі кезінде) тіс ауыруы тіс шыққан кездегі ауырсыну бас ауыруы, бас сақинасы созылу кезіндегі ауырсыну және ауырсынудың басқа түрлері
Қарсы көрсетілімдер
ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСП қабылдау арқылы туындаған бронх демікпесі, есекжем, ринит циклооксигеназа-2 спецификалы тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолының ойықжаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойықжара ауруы, ойықжаралы колит) асқазан-ішектен қан кету анамнезінде ҚҚСП терапиясымен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе перфорацияның болуы геморрагиялық васкулит қан аурулары (қан кетуге бейімділік, гемофилия, гипокоагуляция) бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс – Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының жіктеуі) фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы жүктіліктің үшінші триместрі 3 айға дейінгі балалар
Дозасы
Қолдану тәсілі Ішуге арналған. Асқазан сезімталдығы жоғары пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Шприц-дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Құтының қақпағын бұрап алу керек (төмен басу және сағат тілінің бағытына қарсы бұру керек). 2. Дозаторды құтының саңылауына қатты басу керек. 3. Құтыны біртекті суспензия алынғанға дейін қатты шайқау керек. 4. Дозаторды толтыру үшін құтыны төңкеріп, содан кейін суспензияны өлшеу шкаласындағы қажетті жерге дейін толтыра отырып, поршеньді ақырын төмен тартыңыз. 5. Құтыны бастапқы қалыпқа аударып, дозаторды абайлап бұрап, құтыдан шығару керек. 6. Дозатордың ұшын баланың аузына салу керек, содан кейін поршеньді баяу басып, дозатордың ішіндегісін ақырын басып шығарыңыз. 7. Қолданғаннан кейін құтыны бұрандалы қақпақпен жауып, дозаторды жуып, кептіру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.