+165 бонус

ИБУФЕН 400 мг №50 таб

3300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ибупрофен 400.0 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, стеарин қышқылы. ОPADRY® QX ақ: полиэтиленгликоль/(макрогол), тальк, титанның қостотығы (Е171), глицерол монокаприлокапраты, поливинил спирті.
Қолданылуы
Бас сақинасын, бас ауыруын, арқаның ауыруын, тіс ауыруын, невралгияны, етеккір кезіндегі ауыруды, ревматизмдік және бұлшықет ауырсынуын жеңілдету үшін. ИБУФЕН ауырсынуды бәсеңдетеді, қабыну мен температураны төмендетеді, бас ауыруын және ауырсынудың басқа да түрлерін жеңілдетеді. Ол сондай-ақ суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдетеді.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) болуы; белсенді немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету немесе анамнезінде қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету бар пациенттерге (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары); ҚҚСП қолдану арқылы туындаған анамнезінде АІЖ ойық жарасынан қан кетуі немесе перфорациясы; ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс), бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге; жүктілік (III триместр); 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер және 12 жастан үлкен > 40 кг балалар 1 таблеткадан тәулігіне 3 ретке дейін. Таблеткаларды қабылдау аралығы кемінде 4 сағат болуы керек, 24 сағат ішінде 3 таблеткадан артық қабылдамаңыз. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге препаратты ұзақ уақыт қолдану қажет болған жағдайда - 3 күннен артық немесе симптомдары нашарлаған жағдайда дәрігермен ақылдасу қажет. Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа немесе препаратты 10 күннен артық қабылдау қажет болса, ересектер дәрігерге жүгінуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қабылдауға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды сумен ішіп қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Таблеткаларды қабылдау аралығы кемінде 4 сағат болуы керек. Емдеу ұзақтығы Тек қысқа мерзімді қолдану үшін! Жағымсыз реакциялардың даму қаупін ең аз ету үшін ибупрофенді ең төмен тиімді дозада және симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа мерзімде қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.