+99 бонус

ИБУФЕН 200 мг №50 таб

1980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ибупрофен 200.0 мг қосымша заттар микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, стеарин қышқылы ОPADRY® QX ақ: полиэтиленгликоль/(макрогол), тальк, титанның қостотығы (Е171), глицерол монокаприлокапраты, поливинил спирті
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауырсынуды жеңілдету: бас және тіс ауыруы бас сақинасы ауыртатын етеккір невралгиялар арқаның ауыруы бұлшықет және ревматизмдік ауырсынулар тұмау және суық тию ауыру кезіндегі қызбалы жағдай
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, қайталанатын мұрын маңы қойнауларының немесе мұрынның полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы; белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі немесе анамнезінде қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі бар пациенттер (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары); ҚҚСП қолдану арқылы туындаған анамнезінде АІЖ ойық жарасынан қан кетуі немесе перфорациясы; ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс), ауыр бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге; гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер; жүктілік (III триместр); 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан балалар 1 таблеткадан тәулігіне 3 ретке дейін. Ересектерде анағұрлым жылдам емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны тәулігіне 3 ретке дейін 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг (6 таблетка). Егер препаратты 2-3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет. Препаратты ұзақ қабылдау қажет болғанда (12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін - 3 күннен астам, ал ересектер үшін - 10 күннен астам) дәрігерге қаралу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды сумен ішіп қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Таблеткаларды қабылдау аралығы кемінде 4 сағат болуы керек. Емдеу ұзақтығы Тек қысқа мерзімді қолдану үшін! Жағымсыз реакциялардың даму қаупін ең аз ету үшін ибупрофенді ең төмен тиімді дозада және симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа мерзімде қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.