ХОЛУДЕКСАН 250мг/5мл 100мл №1 сусп

6650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл препараттың құрамында белсенді зат - урсодезоксихолий қышқылы, 250.0 мг, қосымша заттар: бензой қышқылы, глицерин, микрокристалды целлюлоза/натрий кармеллозасы, ксилитол, пропиленгликоль, натрий хлориді, натрий цитраты, натрий цикламаты, сусыз лимон қышқылы, «Лимон» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
- бауыр циррозы декомпенсацияланбаған науқастардағы бастапқы билиарлы цирроз (ББЦ) - өт қабындағы холестериндік өт тастарын еріту. Өт тастары рентгенге көлеңке түсірмеуі және диаметрі 15 мм аспауы тиіс. Өт қабы тастарына қарамастан, өт қабының функциясы айтарлықтай шектелмеуі тиіс. - 1 айдан 18 жасқа дейінгі балалардағы муковисцидозға байланысты гепатобилиарлы аурулар.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өт қабының немесе өт шығару жолдарының жедел қабынуы - өт шығатын жолдар обтурациясы (жалпы өт түтігі немесе қуық түтігінің обтурациясы) - өт шаншуының жиі ұстамалары - рентгенконтрастылы кальцийленген өт тастары - өт қабы жиырылу қабілетінің бұзылуы Кистоздық фиброзбен байланысты гепатобилиарлық бұзылыстарды емдеу үшін қолданған кезде: - сәтсіз портоэнтеростомия немесе өт шығару жолдарының атрезиясы бар балаларда өттің жеткілікті бөлінуі қалпына келмеген кезінде
Дозасы
Суспензияны (250 мг/5 мл) қолдану кезінде жас шамасына байланысты шектеулер жоқ. Келесі тәуліктік дозалар әртүрлі көрсеткіштер үшін ұсынылады: Әртүрлі көрсетілімдер кезінде келесі тәуліктік доза ұсынылады: Өт қабындағы холестериндік тастарды еріту үшін Күніне дене салмағының әр кг шамамен 10 мг УДХҚ сәйкес келеді: Дене салмағы Өлшейтін стақан* мл сәйкестік 5-тен 7 кг дейін ¼ 1,25 8-ден 12 кг дейін ½ 2,50 13-тен 18 кг дейін ¾ (=¼+½) 3,75 19-дан 25 кг дейін 1 5,00 26-дан 35 кг дейін 1½ 7,50 36-дан 50 кг дейін 2 10,00 51-ден 65 кг дейін 2½ 12,50 66-дан 80 кг дейін 3 15,00 81-ден 100 кг дейін 4 20,00 100 кг астам 5 25,00 * 1 өлшейтін стақанда (5 мл ішуге арналған суспензия) 250 мг УДХҚ бар. Препаратты дозалау үшін өлшейтін стақан пайдаланылады, ол бір жағынан 2,5 мл, 5 мл, 7,5 мл, 10 мл, 15 мл және 20 мл, екінші жағынан 1,25 мл, 6,25 мл, 8,75 мл, 11,25 мл, 13,75 мл және 16,25 мл болып градуирленген. Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратын кешке ұйықтар алдында қабылдау керек. Препаратты үнемі қабылдау қажет. Өт қабы тастарын еріту процесі әдетте 6-дан 24 айға дейін созылады. Егер өт қабы тастарының өлшемі 12 айдан кейін кішіреймесе, емді жалғастыруға болмайды. Емдеу нәтижесі болуын әр 6 ай сайын УДЗ немесе рентгенография арқылы тексеру керек. Қайта тексеру кезінде осы уақыт ішінде тастардың кальцийленуіне назар аудару керек. Бұл жағдайда емдеуді тоқтату керек. Бастапқы билиарлы циррозды емдеу үшін Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және дене салмағының әр кг-на шамамен 14 ± 2 мг УДХҚ құрайды. Емдеудің алғашқы 3 айында Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратын күні бойы қабылдау керек. Бауыр көрсеткіштері жақсарған кезде тәуліктік дозаны тәулігіне 1 рет кешке қабылдауға болады: Дене салмағы (кг) Холудексан 250 мг / 5 мл суспензия препаратының өшейтін стақаны*

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.