+42 бонус

ХЛОРОФИЛЛИПТ 10мг/мл 100мл Украина

850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Галичфарм АООТ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл құрамы, миллиграммен: Белсенді зат: эвкалипт жапырақтары қою экстрактісі 10.0 (extractum ex folii eucalypti spissum), құрғақ заттың 100% мөлшеріне шаққанда (1: 15,3) Қосымша зат: этанол 96 %.
Қолданылуы
Антибиотикке төзімді стафилококктардан туындаған ауруларда кешенді ем құрамында: - күйіктер, трофикалық ойық жаралар - жатыр мойнының эрозиясы - асқазан-ішек жолының инфекциялық аурулары
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - алкоголизмнен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар үшін - бауыр аурулары бар пациенттер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Күйіктерді және трофикалық ойық жараларды емдеу 1% спирт ерітіндісін 0,25% новокаин ерітіндісімен 1:5 пропорцияда сұйылтады және ерітіндіге малынған дәке таңғыштар түрінде пайдаланады. Емдеу курсы – 2-3 апта. Жатыр мойнының эрозиясын емдеу Шырышты қабықтың барлық қатпарларын және жатыр мойнының қынаптық бөлігін тампонмен алдын ала құрғатады және жатыр мойнының өзегіне және эрозияға 1% спирт ерітіндісін жағады. Немесе алдын ала қайнатылған 1 л жылы суда 15 мл 1% спирт ерітіндісін сұйылтып алынған ерітіндімен қынапты бүркіп шаяды. Емдеу курсы - 2 апта. Эпителизация толық болмаған кезде емдеу курсын қайталауға болады. Асқазан-ішек жолының инфекциялық ауруларын емдеу Ішектегі стафилококк тасымалдаушылығы кезінде ересектерге ішке тағайындайды: алдын ала қайнатылған 30 мл жылы суда сұйылтылған 5 мл 1% спирт ерітіндісі препаратын 25 тамшыдан күніне 3 рет тамақтанудан 40 минут бұрын күнделікті  қолданады. Емдеу курсы 7-10 күн. Ішектегі стафилококк тасымалдаушылығы кезінде ересектерге ректальді клизма түрінде  қолданады: 20 мл 1 % спирт ерітіндісін алдын ала қайнатылған 1 л жылы суда сұйылтады (1 клизмаға арналған дозасы). Хлорофиллиптпен клизманы әрбір 2 күн сайын қояды. Емдеу курсы 10 емшарадан тұрады. Енгізу әдісі мен жолы Препараты ішке, ректальді және жергілікті тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.