ХЛОРГЕКСИДИН ЭФФЕКТ 16 мг №10 супп ваг

9:00-ден кейін қолжетімді
2540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие антисептики и противомикробные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Лекхим-Харьков
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
бір суппозиторийдің құрамында: белсенді зат: хлоргексидин диглюконатының 20 % ерітіндісі хлоргексидин диглюконатқа шаққанда 16 мг, қосымша заттар - макрогол 1500, макрогол 400.
Қолданылуы
- венерологиялық аурулардың (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, уреплазмоз) және акушерлік және гинекологиядағы инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеу алдында, босану және аборт алдында, жатырішілік спиральді орнатқанға дейін және одан кейін, жатыр мойнының диатермокоагуляциясына дейін және одан кейін, жатырішілік зерттеулер алдында) - бактериялық вагиноз, кольпит, жатыр мойнының эрозиясын емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - менархе басталғанға дейінгі қыз балалар.
Дозасы
Дәрілік затты интравагинальді қолданады. Қолданар алдында суппозиторийді пішінді қаптамадан босатады. Емі: 7-10 күн ішінде тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады. Емдеу курсы 20 күнге дейін. Венерологиялық аурулардың профилактикасында: 1 суппозиторийден бір рет жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолданады. Жүктілік. Инфекциялық үдерістің айқындық дәрежесін, бактериологиялық зерттеулердің деректерін, жүктілікті үзіп алу қаупін ескере отырып монотерапия ретінде немесе кешенді ем құрамында күніне 1 немесе 2 рет 1 суппозиторийден қолданады. Емдеу курсы 5 күннен 10 күнге дейін. Емшек емізгенде препаратты әдеттегі ұсынылатын дозаларда тағайындайды. Балалар. Қолдану тәжірибесі жоқ. Енгізу әдісі және жолы Қолданар алдында суппозиторийді пішінді қаптамадан босатады. Дәрілік зат интравагинальді қолданылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.