+156 бонус

ХИЛОРА 0,15% 10 мл капли глазн

3130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Искусственная слеза и другие индифферентные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 1,5 мг натрий гиалуронаты, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий фосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
«Құрғақ көз» синдромын симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, онда препаратты әр көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 6 рет 1 тамшыдан тамызу ұсынылады. Тамызу жиілігі мен қолдану ұзақтығын пациенттің емге реакциясына байланысты дәрігер жекелей анықтайды. Жанаспалы линзаларды пайдаланатын пациенттерге Хилора препаратын қолданар алдында оларды шешіп және көзге тамызатын дәріні тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағу керек. Балалар Препаратты балаларда аса қажет болған жағдайда және дәрігердің мұқият бақылауымен ғана қолдану керек. 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулық Препаратты пайдаланар алдында құтының зақымданбағанына көз жеткізу қажет. 1. Қолыңызды жуыңыз және ыңғайлы күйде отырыңыз. 2. Қорғаныш қақпағын шешіп алыңыз (егер қорғаныш қақпағын шешіп алғаннан кейін сақтандыру сақинасы құтыға тығыз жабыспай тұрса, оны алып тастау қажет). 3. Көздің төменгі қабағын саусағыңызбен ақырын төмен қарай тартыңыз. 4. Құтының түбін жоғары қаратыңыз және құтының ұшын көзге жақын әкеліңіз (құты мен тамшылатқыштың микробтық ластануының алдын алу үшін тамшылатқыштың ұштығын көзге, қабаққа немесе кез келген беткейге тигізбеу керек). 5. Препараттың бір тамшысын тамызу үшін саусақтарыңызбен құтыны ақырын басыңыз. 6. Көзіңізді жабыңыз және саусағыңызбен көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалтасын 2 минут басыңыз. 7. Құтыны қорғаныш қақпағымен мықтап жабыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.