+320 бонус

ХИЛАК ФОРТЕ 100 мл

6400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merckle GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: зат алмасу өнімдерінің сулы субстраты         Escherichia coli DSM 4087 24,9481 г Enterococcus faecalis DSM 4086 12,4741 г Lactobacillus acidophilus DSM 4149 12,4741 г Lactobacillus helveticus DSM 4183 49,8960 г қосымша заттар: натрий фосфаты гептагидраты, калий гидрофосфаты, сүт қышқылы, концентрацияланған фосфор қышқылы, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
- аш ішек пен тоқ ішек микрофлорасының бұзылуында (антибиотиктермен немесе сульфаниламидтермен емдеу, сәулелік ем кезінде және одан кейін); - ас қорытудың жеткіліксіздігі синдромында, диспепсияда; - диареяда, метеоризмде, іш қату кезінде; - созылмалы атрофиялық гастроэнтеритте («кәрілердегі ішек ауруы»); - ішектің созылмалы уыттануынан туындаған, жүрек айнуы, аздап қажу сияқты және басқа да симптомдарда; - асқазан-ішек жолы тарапынан, климаттың ауысуынан туындаған бұзылыстарда; - асқазан-ішек жолы тарапынан, қышқылдықтың төмендеуіне байланысты бұзылыстарда (гипо- және анацидтік жай-күйлер); - бауырдағы метаболизм үдерістерінің бұзылуларында; - терінің аллергиялық ауруларында (есекжем, эндогендік созылмалы экзема). Басқа ескертулер: Аталған дәріні қолдану тек көмекші сипатқа ие және сырқаттану болған жағдайда оны басқа тиімді емдеу шараларға қосымша ретінде ғана қолдануға болады. Атап айтқанда, диареялық аурулар жағдайында Хилак® форте сұйықтықты толықтыру үшін қажетті емдеуді немесе қатты тағамнан уақытша бас тарту (шайға үзіліс) сияқты басқа шараларды алмастырмайды.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - лактаза/изомальтаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; - температура жоғарылауымен және нәжісте қанның болуымен жүретін жедел диарея.
Дозасы
1 тамшы 0,05 мл препаратқа тең. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 3 рет 40-60 тамшыдан (2-3 мл); 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға –тәулігіне 3 рет 20-40 тамшыдан (1-2 мл); Нәрестелерге және 2 жасқа дейінгі балаларға – алғашқы күндері тәулігіне 3 рет 15-30 тамшыдан (0,75-1,5 мл). Жағдай жақсарғаннан кейін тәуліктік дозаны жартылай азайтуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.