ХИКОНЦИЛ 500 мг №16 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
1300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново Место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 286,95 мг немесе 573,90 мг амоксициллин тригидраты (250 мг немесе 500 мг амоксициллинге баламалы) қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), азорубин (кармоизин) (Е122), индигокармин (Е132)
Қолданылуы
Препарат ересектерде қолданылады. Амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден болған инфекцияларда: тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларында (ортаңғы құлақ отиті, синусит, фарингит, тонзиллит) тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің инфекцияларында (жедел бактериялық бронхит, созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, пневмония) несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында (уретрит, цистит, пиелонефрит, пиелит) асқазан-ішек жолының инфекцияларында (сальмонеллез, Salmonella typhi амоксициллинге сезімтал болғанда) асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында Helicobacter pylori эрадикациялауға Лайм ауруында (боррелиоз) ауыз қуысында және жоғарғы тыныс жолдарындағы хирургиялық араласуларда бактериялық эндокардиттің профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
амоксициллинге, пенициллин қатарының басқа да антибиотиктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық аллергиялық реакциялардың анамнезде болуы, поллиноз, бронх демікпесі инфекциялы мононуклеозы және лимфалық бездердің қатерлі аурулары (лимфосаркома, лимфоцитарлы лейкоз) бар пациенттер 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер фенилкетонурия (Феллинг ауруы) анамнезде асқазан-ішек жолының аурулары (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты болатын колит)
Дозасы
Хиконцилді ас қорытуға байланыссыз қабылдауға болады. Капсулаларды аздаған су мөлшерімен ішіп, тұтастай жұтқан жөн. Хиконцилмен емделу кезінде пациенттер сұйықтықты әдеттегіден көбірек ішуі керек. Дозаны, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын ауруға және пациенттің хал-жағдайына байланысты түзеткен жөн. Ересектерге Әдеттегі доза тәулігіне үш рет 250 мг-нан 500 мг-ға дейінгі немесе күніне екі рет 500 мг-нан 1000 мг-ға дейінгі Хиконцилді құрайды. Ауыр инфекцияларда (синуситте, пневмонияда және басқа да ауыр инфекцияларда) - тәулігіне үш рет 500 мг-нан 1000 мг-ға дейін. Тәуліктік дозасы арттырылуы мүмкін, бірақ 6 г-нан асырмау керек. Жедел цистит кезінде: күніне екі рет 3 г-нан, курсы 1 күн. Боррелиоз (Лайм ауруы): тәулігіне 3 рет 500-1000 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 4 г / тәул. аспайды. Орташа емдеу курсы 14 күн (10-нан 21 күнге дейін). Кейінгі сатысы (жүйелі түрде зақымданғанда): әр 8 сағат сайын 500 мг-нан 2 г дейін. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне 6 г аспайды. Емдеу курсы 10-30 күн. Helicobacter pylori эрадикациялау үшін: Хиконцилді басқа дәрілік заттармен біріктіріп, протондық сорғы тежегішімен, Хиконцил 1000 мг тәулігіне 2 рет қолдану керек, емдеу курсы 7 күн. Эндокардиттің профилактикасы үшін: хирургиялық араласымнан 1 сағат бұрын 2 г Хиконцил қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Хиконцилді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <10 мл/мин және/немесе 0,16 мл/с) дозалар арасындағы аралықты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін арттыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.