ХАРТИЛ АМЛО 10 мг/5 мг №30 таб

5615 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рамиприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
5 мг/5 мг бір капсуланың құрамында   белсенді заттар: рамиприл 5мг амлодипин 5мг (6.95 мг амлодипин бесилатына баламалы), 5 мг/10 мг бір капсуланың құрамында   белсенді заттар: рамиприл 5мг амлодипин 10мг (13.9 мг амлодипин бесилатына баламалы), 10 мг/5 мг бір капсуланың құрамында       белсенді заттар: рамиприл 10мг амлодипин 5мг (6.95 мг амлодипин бесилатына баламалы), 10 мг/10 мг бір капсуланың құрамында   белсенді заттар: рамиприл 10мг амлодипин 10мг (13.9 мг амлодипин бесилатына баламалы) қосымша заттар: кросповидон, гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, глицерол дибегенаты. Қатты желатинді капсуланың құрамы (CONI-SNAP 2): бриллианты көгілдір FCF+FD және C көк 1 (Е 133), қызыл аллюра  AC+FD және C қызыл 40 (Е 129), титанның қостотығы (Е 171), желатин (5 мг/5 мг дозасы үшін); Қатты желатинді капсуланың құрамы (CONI-SNAP 0): титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), азорубин (кармоизин (Е 122)), индигокармин + FD және C көк 2 (Е132), желатин (5 мг/10 мг дозасы үшін); титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), бриллиантты көгілдір FCF +FD және C көк 1 (Е133), қызыл аллюра AC+FD және C қызыл 40 (Е 129), желатин (10 мг/5 мг дозасы үшін); азорубин (кармоизин  (Е 122)), индигокармин  + FD және C көк 2 (Е132), титанның қостотығы (Е 171), желатин (10 мг/10 мг дозасы үшін).
Қолданылуы
- артериялық гипертензия, артериялық қысымы бір мезгілде қабылданған екі жеке препаратпен талапқа сай бақыланатын ересек пациенттерде біріктірілген препараттағыдай емдік дозаларда, орын басу емінің препараты ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
Хартил Амлоға қатысты: рамиприлге (немесе АӨФ тежегіштеріне), амлодипинге, дигидропиридин туындыларына, және/немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық Рамиприлге қатысты: анамнезінде ангионевроздық ісінудің болуы (туа біткен, идиопатиялық немесе АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін АТРА ІІ) қабылдаудан туындаған бұрын болған ангионевроздық ісіну негізінде пайда болған) ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуымен қатар жүретін экстракорпоральді ем бүйрек артерияларының айқын екіжақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлері және лактация кезеңі рамиприлді гипотензивті немесе гемодинамикалық тұрақсыз жағдайлары бар пациенттерге тағайындауға болмайды қант диабетінен немесе бүйрек функциясының бұзылуынан (ШСЖ ˂ 60 мл/мин/1.73 м2) зардап шегетін пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісінудің дамудың жоғары қаупі себебінен сакубитрилмен/вальсартанмен бірге қолдану қарсы көрсетілген. Амлодипинге қатысты: гипотензияның ауыр түрі шок (оның ішінде кардиогенді шок) солжақ қарыншадан (мысалы, ауыр дәрежедегі аорталық стеноз) қанның ағып шығуына кедергі ететін қантамырларының тарылуы бастан өткерген жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Дозасы
Хартил Амло белгіленген дозасы бар препараттағы сияқты емдік дозаларда бір мезгілде қабылданған монокомпонентті препараттардың екеуі де талапқа сай әсер көрсететін артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеуге көрсетілген. Ұсынылатын тәуліктік доза - белгілі дозада 1 капсула. Белгілі дозасымен біріктірілген препарат емдеудің бастапқы кезеңіне жарамайды. Егер дозаны түзетуге қажеттілік туындаса, онда оны тек қана монокомпоненттердің көмегімен өзгертуге болады және қажетті дозаны таңдап алғаннан кейін ғана белгіленген дозалы келесі препаратқа көшуге болады. Хартил Амло тек монокомпонеттер дозалары титрленгеннен кейін оңтайлы доза ретінде ең аз дегенде 5 мг рамиприл мен 5 мг амлодипин қабылдайтын пациенттерге ғана ұсынылады. Ересек пациенттер Препаратты несеп айдайтын дәрілер қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау ұсынылады, өйткені осы пациенттерде су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы байқалуы мүмкін. Бүйрек функциясын тексеру және қан сарысуында калий деңгейін анықтау керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде рамиприлмен емдеу  неғұрлым төмен дозалардан бастап, дәрігердің мұқият бақылауымен басталуы тиіс. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде амлодипиннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде амлодипинмен емдеуді ең төмен дозалардан бастап, қажетті дозаны баяу таңдап отыру керек. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде рамиприлмен емдеу дәрігердің мұқият қадағалауымен басталуы керек, бұл жағдайда рамиприлдің ең жоғары тәуліктік дозасы 2,5 мг құрайды.  Ондай пациенттерге Хартил Амлоны тағайындауға болмайды, өйткені бұл препараттағы рамиприл дозасы 2,5 мг-ден асады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде бастапқы және демеуші дозаның оңтайлы үйлесімін анықтау үшін, препараттың дозалануы рамиприл мен амлодипиннің дозалануын жекелей анықтау жолымен  іріктеледі. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде амлодипиннің  дозасын түзету қажеттілігі жоқ. Амлодипин диализ процесінде шығарылмайды. Диализ процесінен өтетін пациенттерге амлодипинді ерекше сақтықпен тағайындау керек. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде  рамиприлдің  тәуліктік дозасы  креатинин клиренсін есепке алып анықталуы керек. - креатинин клиренсі ≥ 60 мл/мин пациенттерде, бастапқы  дозаны түзету қажет емес; ең жоғары тәуліктік дозасы - 10 мг;    - креатинин клиренсі < 60 мл/мин пациенттерде, сондай-ақ  гемодиализ емшарасын өтіп жатқан артериялық гипертензиясы бар пациенттерде, рамиприлдің ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг құрайды. Егер пациент 5 мг құрайтын рамиприлді дозалау режиміне оңтайлы демеуші доза ретінде (рамиприлді дозалау процесінде анықталған) ауыстырылған жағдайда ғана Хартил Амлоны тағайындау ұсынылады. Гемодиализ емшарасынан өтіп жатқан пациенттер, препаратты гемодиализді жасағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін қабылдауы керек. Хартил Амло препаратымен емделу кезеңінде қан сарысуындағы калийдің мөлшерінің функциясын бақылау керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда Хартил Амло препаратын қабылдау тоқтатылуы керек, ал оның компоненттерін қажетінше түзетілген дозаларда тағайындау керек. Егде жастағы пациенттерде Рамиприлдің бастапқы дозасы әдеттегіден төмен болуы керек, ал жағымсыз әсерлерінің пайда болуының жоғары қаупіне байланысты дозаны келесі түзету біртіндеп жүруі керек. Хартил Амло препаратын өте әлсіреген егде пациенттерге тағайындауға болмайды. Егде пациенттерге амлодипиннің әдеттегі дозасын қабылдауға болады, әйтсе де, препараттың дозасын сақтықпен жоғарылату керек. Сакубитрилмен/вальсартанмен бірге қолдану Сакубитрилмен/вальсартанмен бірге қолданғанда ангионевроздық ісінудің даму қаупін ескере отырып, сакубитрилмен/вальсартанмен емдеуді тоқтатқаннан кейін Хартил Амло препаратын, кем дегенде,  36 сағат ішінде тағайындауға болмайды. 18 жасқа дейінгі балаларда Хартил Амлоны 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды, өйткені препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған Енгізу әдісі мен жолы Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек! Капсулалар ішке қабылдауға арналған. Хартил Амлоны, емдеу курсы бойы күн сайын,  тамақ ішуге дейін, сондай-ақ одан кейін де,  тәуліктің бір мезгілінде қабылдау керек. Капсулаларды езуге немесе шайнауға болмайды. Бұл препаратты грейпфрут шырынымен қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.