+230 бонус

ГРОПРИНОСИН-РИХТЕР 150 мл сироп

4600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инозин пранобекс
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: ОАО Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - инозин пранобекс 50,00 мг қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат , пропилпарагидроксибензоат, cахароза, натрий гидроксиді, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Гроприносин-Рихтер шәрбаты, 250 мг/5 мл препараты 1 жастан асқан пациенттерге мынадай көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған: иммунитеті бұзылған пациенттерге жоғарғы тыныс жолдарының қайталанатын инфекциялары болғанда қосымша ем ретінде I немесе II типті Herpes simplex вирусы, сондай-ақ Varicella zoster вирусы (желшешек және белдемелі теміреткі вирусы) туындатқан тері және шырышты қабық инфекциялары басқа вирустық инфекциялары (мысалы, жеделге жуық склероздайтын панэнцефалит)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық подаграның жедел ұстамасы немесе қанда несеп қышқылының жоғары концентрациясы жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты) 1 жасқа дейінгі және салмағы ≤ 10 кг балаларға фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахаразо-изомальтаза жеткіліксіздігі
Дозасы
Препарат дозасы пациенттің дене салмағы мен аурудың ауырлығына байланысты анықталады. Тәуліктік дозаны бірнеше тең бір реттік дозаға бөліп, бірдей уақыт аралығымен күні бойы қабылдау керек. Гроприносин-Рихтер шәрбатының 1 мл препаратында 50 мг инозин пранобекс бар. Ересектер мен егде жастағы адамдар Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 50 мг/кг (дене салмағына 1 мл/кг), барлығы әдетте 3-4 дозаға (әдетте тәулігіне 3 рет 20 мл) бөлінген тәулігіне 3 г (яғни, тәулігіне 60 мл шәрбат) құрайды. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 4 г (тәулігіне 80 мл) құрайды. Балалар 1 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды. 1 жастан асқан балалар Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 50 мг/кг құрайды, әдетте ― дене салмағына 1 мл/кг, 3-4 бірдей дозаға бөлінеді, оны күні бойы төмендегі кестеге сәйкес қабылдау керек: Дене салмағы Дозасы 10 – 14 кг 3 x 5 мл 15 – 20 кг 3 x 5-7,5 мл 21 – 30 кг 3 х 7,5-10 мл 31 – 40 кг 3 х 10-15 мл 41 – 50 кг 3 х 15-17,5 мл Дұрыс дозалау үшін қоса берілген өлшеу шкаласы бар шприцті пайдалану керек. Жеделге жуық склероздайтын панэнцефалит: аурудың жедел фазасында препарат дозасы кг дене салмағына 2 мл дейін арттыруға болады (тәулігіне 100 мг/кг, ең жоғарысы тәулігіне 4 г), тұрақты емдегенде пациенттің жай-күйін жүйелі бағалап отыру қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы әдетте 5–14 күнді құрайды. Препаратты қабылдауды ауыру белгілері азайғаннан кейінде 1-2 күн жалғастару керек. 5-14 күн аралығында емнің оң әсер ету белгсі байқалмаған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгіну керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.