+162 бонус

ГРОПРИНОСИН 500 мг №20 таб

3250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инозин пранобекс
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: ОАО Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 500 мг инозин пранобексі, қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон К-25, магний стеараты
Қолданылуы
- иммунитеті әлсіреген және жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары қайталанған адамдарда емдеуге қосымша әдіс ретінде Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - жедел подагра ұстамасы, сондай-ақ несеп қышқылының қандағы және несептегі концентрациясы жоғарылаған пациенттерге - несеп-тас ауруы - жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің жоқтығымен байланысты) - 6 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Доза пациенттің дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты анықталады. Ересек пациенттерге, соның ішінде егде жастағыларға ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына шаққанда 50 мг/кг құрайды, яғни 6-дан 8 таблеткаға дейінді немесе тәулігіне 3-4 рет 2 таблеткадан. Ең жоғары доза тәулігіне 4 г (8 таблетканы) құрайды. 6 жастан асқан балаларда бірнеше қабылдауға тағайындалған тәуліктік доза дене салмағына шаққанда 50 мг/кг құрайды немесе келесі кестені пайдалануға болады: Дене салмағы Тәуліктік доза 21-30 кг 2 - 3 таб. 31-40 кг 3 - 4 таб. 41-50 кг 4 - 5 таб. 6 жастан кіші балаларға қолдану үшін шәрбат түріндегі Гроприносин бар. Енгізу әдісі және жолы Тек ішке қабылдауға арналған. Таблетканың қабылдануын жеңілдету үшін ұсақтауға және судың аздаған мөлшерінде ерітуге болады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәуліктік доза күніне бірнеше рет қабылдау үшін тең бөліктерге бөлінуі тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы, әдеттегідей, 5-14 күнді құрайды. Препаратты қабылдауды симптомдардың айқындылығы азайғаннан кейін тағы да 1-2 күнге жалғастыру керек. Егер 5 - 14 күннен кейін жағдай жақсармаса немесе одан бетер нашар болса, пациент емдеуші дәрігерімен байланыс жасауы тиіс. Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар Гроприносиннің артық дозалану бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Симптомдары: артық дозаланған жағдайда қан сарысуында және несепте несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы күтіледі. Емі: демеуші және симптоматикалық ем. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмәндану пайда болған жағдайда емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Өте жиі - қанда несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы, несепте несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы Жиі - бас ауыру, вертиго (жүйелік бас айналу), қажығыштық, дімкәстік - жүректің айнуы, құсу, эпигастральді аймақта жайсыздық - қышыну, бөртпе - артралгия - трансаминаза, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы немесе қанда мочевина азоты (ҚМА) мөлшерінің жоғарылауы Жиі емес - күйгелектік, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық - диарея, іш қату - полиурия (несептің бөлініп шығу көлемінің артуы) Жиілігі белгісіз - бас айналу - ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок - эпигастральді аймақтың ауыруы - эритема Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz Қосымша мәліметттер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.