+58 бонус

ГРИПХОТ-С 3,5 г №10 саше

1160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Адифарм ЛТД
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакет (саше) ішінде белсенді заттар: 500.00 мг парацетамол 25.00 мг фенирамин малеаты 200.00 мг аскорбин қышқылы қосымша заттар: маннитол, E952 натрий цикламаты, сусыз лимон қышқылы, E954 натрий сахарині, лимон хош иістендіргіші#, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы. #Лимон хош иістендіргішінің құрамы: мальтодекстрин, кремнийдің қостотығы, апельсин эфир майы, жөке эфир майы, цитрал, геранилацетат, линалоол, децилацетат, нерилацетат.
Қолданылуы
- жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын (респираторлық аурулар, аллергиялық ринит, ринофарингит) симптоматикалық емдеу. - тұмауға ұқсас жай-күйлердің симптоматикалық емдеу (көзден жас ағуы, мұрынның шырышты бөлінділері, түшкіру, бас ауыруы және/немесе қызба)
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі - жабық бұрышты глаукома - қуықасты безінің аденомасы - 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
15 жастан асқан балалар мен ересектер үшін 1 сашеден күніне 2-3 рет. Қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағатты құрауы тиіс. Парацетамолдың жиынтық дозасы тәулігіне 4 граммнан аспауы тиіс. Емдеудің ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсіне байланысты дозаны азайту және препаратты қабылдау арасындағы аралықты төмендегі кестеге сәйкес ұлғайту ұсынылады: Кесте Креатинин клиренсі (мл/мин) Қабылдау арасындағы аралық ≥50 мл/мин 4 сағат 10–50 мл/мин 6 сағат < 10 мл/мин 8 сағат Парацетамолдың жиынтық дозасы тәулігіне 3 граммнан аспауы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің бұл тобы үшін препаратты қолдану ұсынылмайды. Сақтық шаралары Мынадай жағдайларда парацетамолдың күніне 60 мг/кг-ден аспайтын (күніне 3000 мг-ден аспайтын) ең төмен тиімді тәуліктік дозасын қарастырған жөн: - дене салмағы 50 кг дейінгі ересек пациенттерде - созылмалы алкоголизм кезінде - ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбау (бауыр глютатионының төмен қоры) - сусыздану кезінде. Енгізу әдісі және жолы Грипхот-С бір сашенің ішіндегісін бір стақан ыстық немесе суық суда ерітіп, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қабылдаған жөн. Тұмауға ұқсас жай-күйлерді емдеу кезінде препаратты кешке ыстық сумен қабылдау керек. Емдеудің ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Фенираминмен байланысты реакциялар Фенираминнің артық дозалануы келесіні туындатуы мүмкін: құрысулар (әсіресе балаларда), сананың бұзылуы, кома. Парацетамолмен байланысты реакциялар Егде жастағы пациенттерде және әсіресе кішкентай жастағы балаларда (бұл емдік артық дозалану нәтижесінде де, кездейсоқ та болуы мүмкін) уыттану қаупі бар; салдары өлімге әкелуі мүмкін. Симптомдары: әдетте алғашқы 24 сағат ішінде пайда болатын жүрек айну, құсу, анорексия, бозару, іштің ауыруы. Парацетамолдың артық дозалануы (ересектерде бір қабылдауға 10 г астам парацетамол және балаларда дене салмағына 150 мг/кг) қайтымсыз некроздың пайда болу ықтималдығы бар бауыр циррозына әкелуі мүмкін, бұл гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздікке, метаболизмдік ацидозға, энцефалопатияға әкеледі, бұның соңы комаға әкелуі және ол өліммен аяқталуы мүмкін. Мұнымен бір уақытта, бауыр трансаминазаларының, лактат- дегидрогеназаның және билирубиннің жоғары деңгейі протромбин деңгейінің төмендеуімен бір мезгілде байқалады, бұл қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан кейін байқалуы мүмкін. Шұғыл шаралар: дереу ауруханаға жатқызу, қан плазмасындағы парацетамол құрамын анықтау үшін қан алу, пероральді қолданған жағдайда асқазанды шаю. Емі: мүмкіндігінше препаратты қабылдағаннан кейін 10 сағаттан кешіктірмей N- ацетилцистеин антидотын вена ішіне немесе пероральді барынша жылдам енгізу. Симптоматикалық ем. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар Препаратты қолдану туралы сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Фенираминмен байланысты реакциялар Молекуланың фармакологиялық қасиеттері дозаға тәуелді немесе тәуелді болмайтын, жеделдігі әртүрлі жағымсыз әсерлерге түрткі болуы мүмкін. - емдеудің басында неғұрлым айқын байқалатын сананың бәсеңдеуі немесе ұйқышылдық - шырышты қабықтардың құрғауы, іш қату, аккомодацияның бұзылуы, мидриаз, тахикардия, несеп іркілу қаупі сияқты антихолинергиялық әсерлер - ортостатикалық гипотония - тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналуы, есте сақтау қабілетінің немесе зейін қоюдың нашарлауы (көбінесе егде жастағы пациенттерде) - қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор - бағдардан жаңылу, елестеулер - аса сирек жағдайларда қозудың жоғарылау реакциялары (қозу, күйгелектік, ұйқысыздық). Сирек - эритема, қышыну, экзема, пурпура, есекжем - ісіну, Квинке ісінуі - анафилаксиялық шок - лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия. Парацетамолмен байланысты реакциялар Сирек - анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі, эритема, есекжем және тері бөртпелері сияқты аса жоғары сезімталдық жағдайлары (егер мұндай реакциялар пайда болса, емдеуді тоқтата тұруы тиіс) Өте сирек - тромбоцитопения, лейкопения және нейтропения. - ауыр тері реакциялары, олардың пайда болуы емдеуді тоқтатуды талап етеді Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.