ГОНАДОТРОПИН ХОРИОНИЧЕСКИЙ лиофилизат для приготовления раствора для внутримышечного введения 1000 МЕ, 5 флаконов

17500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гонадотропин хорионический
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ФГУП «Московский эндокринный завод»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құты препаратта белсенді зат: хориондық гонадотропин – 500 ХБ немесе 1000 ХБ, қосымша зат: маннитол (маннит). Бір ампула еріткіште 9 мг/мл – 1 мл натрий хлориді ерітіндісі бар.
Қолданылуы
Әйелдерде: – аналық бездің дисфункциясында (ановуляторлық), аменорея; сары дене фазасын демеуде. Еркектерде және ұлдарда: гипогонадотропты гипогонадизмде; гипофиздің гонадотропты функциясының жеткіліксіздігімен байланысты жыныстық жетілуінің кідіруінде; анатомиялық обструкцияға байланысты емес крипторхизмде; сперматогенез жеткіліксіздігі, олиго-астеноспермия, азооспермия; ұлдарда анорхизмнің және крипторхизмнің дифференциальді-диагностикалық тестісін өткізу кезінде; ұзақ мерзімді стимуляциялайтын емді бастар алдында гипогонадотропты гипогонадизм кезінде аталық бездердің функциясын бағалау үшін Лейдиг функциональдік тестісін өткізу кезінде.
Қарсы көрсетілімдер
Әйелдерде және еркектерде: хориондық гонадотропинге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жыныс мүшелерінің және сүт безінің қазіргі кездегі гормонға тәуелді қатерлі ісіктері немесе оларға күдiк туғызу (әйелдерде аналық бездерінің обыры, емшек безінің обыры, жатырының обыры және ерлерде қуық асты безінің обыры, емшек безінің карциномасы); орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы (гипофиздің, гипоталамустың ісіктері); терең веналар тромбофлебиті; гипотиреоз; бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі; гиперпролактинемия; 3 жасқа дейінгі балалар. Ұлдарда (қосымша): мезгiлiнен бұрын жыныстық жетілуі. Еркектерде (қосымша): гипогонадотропты гипогонадизммен байланысты емес бедеулік. Әйелдерде (қосымша): жүктілікпен үйлесімсіз жыныс мүшелерінің дұрыс қалыптаспауы; жүктілікпен үйлесімсіз, жатырдың фиброзды ісігі; аналық бездің бастапқы жеткіліксіздігі; ановуляцияға байланысты емес бедеулік (мысалы, түтіктік немесе цервикальдік генездегі); қан кету немесе айқын емес этиологиядағы қынаптан қанды бөлінділер; жүктілік және емшек емізу кезеңі.
Дозасы
Көрсетілген дозалар шамамен алынған болып табылады, емдеуді препаратты енгізуге қажетті реакцияға байланысты дәрігер жеке түзетуі тиіс. Әйелдерде: ановуляторлық циклдер кезінде хорионды гонадотропинді 2-3 күн аралығымен 2-3 рет 3000 ХБ немесе күнара 6-7 рет 1500 ХБ етеккір циклінің 10-12 күнінен бастап тағайындайды; сары дене фазасын демеу үшін овуляциядан немесе эмбрионды тасымалдағаннан кейін 9 күн ішінде (мысалы, овуляцияның индукциясынан кейін 3, 6 және 9 күні) әрқайсысы 1000 ХБ-ден 3000 ХБ-ге дейін дозада препараттың 2-ден 3-ке дейін қайталанатын инъекциялары салынуы мүмкін. Еркектерде және ұлдарда: гипогонадотропты гипогонадизм кезінде – аптасына 2-3 рет 1000-2000 ХБ препарат. Бедеулік жағдайында хориондық гонадотропин аптасына 2-3 рет құрамында фоллитропин (фолликула стимуляциялайтын гормон) бар қосымша препаратпен біріктірілуі мүмкін. Емдеу курсы сперматогенездің қандай да болсын жақсаруы күтілуі мүмкін болатын кемінде 3 айға жалғасуы керек. Осы емдеу кезінде тестостеронмен орын басатын терапияны тоқтата тұру қажет. Сперматогенездің жақсаруына қол жеткен кезде, оны демеу үшін кейбір жағдайларда хориондық гонадотропинді жекелей қолдану жеткілікті; гипофиздің гонадотропты функциясының жеткіліксіздігіне байланысты жыныстық жетілудің кідіруі кезінде – аптасына 2-3 рет 1500 ХБ. Емдеу курсы– кемінде 6 ай; анатомиялық обструкциямен байланысты емес крипторхизм кезінде: 3 жастан 6 жасқа дейін – 6 апта бойы аптасына екі рет 500-1000 ХБ, 6 жастан жоғары – 6 апта бойы аптасына екі рет 1500 ХБ, емдеу курсы қажет болса қайталануы мүмкін; - сперматогенез, олигоастеноспермия, азооспермия жеткіліксіздігі кезінде менотропинмен (75 ХБ фолликулостимуляциялайтын гормон (ФСГ) + 75 ХБ лютеинизациялайтын гормон (ЛГ)) күн сайын 500 ХБ немесе менотропинмен (150 ХБ ФСГ + 150 ХБ ЛГ) үйлесімде 5 күн сайын 3 ай бойы аптасына 3 рет 2000 ХБ тағайындайды. Емдеуге реакция болмаған кезде аптасына 2000 ХБ 2-3 рет менотропинмен (150 ХБ ФСГ + 150 ХБ ЛГ) 3-12 ай бойы аптасына 3 рет тағайындайды. Сперматогенездің жақсаруына қол жеткізген кезде кезекті емді бірқатар жағдайларда хориондық гонадотропиннің демеуші дозаларымен ғана жүзеге асыруға болады; ұлдарда крипторхизмді және анорхизмді дифференциальді диагностикалау мақсатында хориондық гонадотропин 100 ХБ/кг дозада бұлшықет ішіне бір рет енгізіледі, қан сарысуында тестостеронның концентрациясы тест басталарға дейін және препараттың инъекциясынан кейін 72-96 сағаттан соң анықталады. Анорхизм жағдайында тест теріс болады, бұл тестикулярлық тіннің болмауы туралы куәландырады, крипторхизм жағдайында, тіпті егер бір аталық без ғана болса да, оң болады (тестостеронның концентрациясы 5-10 есе жоғарылауы). Егер тест әлсіз оң болса, гонаданы іздеу қажет (іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу немесе лапароскопия), себебі малигнизацияның жоғары қаупі болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.