+8 бонус

ГЛЮКОЗА 5% 200 мл

160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Красфарма ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 л препараттың құрамында белсенді зат- сусыз затқа шаққанда глюкоза 50.0 г, қосымша заттар: натрий хлориді, 0,1 М хлорсутек қышқылы - рН 3.0 - 4.1 дейін, инъекцияға арналған су 1 литрге дейін.
Қолданылуы
- көмірсу көзі ретінде (қажет болса, бөлек немесе парентеральді тамақтану бөлігі ретінде) - сұйықтық жоғалтқан жағдайда регидратация үшін, әсіресе көмірсуға қажеттілігі жоғары пациенттерде - парентеральді дәрілік препараттарды сұйылту мен еріту үшін.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық гипергликемия және гиперлактацидемия декомпенсацияланған қант диабеті метаболизмдік стресс гиперосмолярлық кома - ауыр бассүйек-ми жарақаты (ерітіндіні жарақат алған сәттен бастап алғашқы 24 сағат ішінде енгізу) - глюкоза ерітіндісіне қосылатын кез келген препараттарға жоғары сезімталдық.
Дозасы
Зат алмасуы қалыпты ересектерде енгізілген глюкозаның тәуліктік дозасы 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни 250-450 г жуық (зат алмасу қарқындылығы төмендегенде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады), осы орайда енгізілген сұйықтықтың тәуліктік көлемі – 30-40 мл/кг. Балаларға парентеральді қоректендіру үшін майлармен және амин қышқылдарымен қатар бірінші күні 6 г глюкоза/кг/тәулігіне, кейіннен -  15 г/кг/тәулікке дейін енгізеді. Көмірсу көзі ретінде ұсынылатын доза глюкозаның 5% ерітіндісі (қажет болса, бөлек немесе парентеральді қорек бөлігі ретінде): Ересектер үшін: тәулігіне 500-3000 мл. Жаңа туған нәрестелерді қоса, балалар үшін: - 0-10 кг дене салмағына - тәулігіне 100 мл/кг; - 10-20 кг дене салмағына - 1000 мл + қосымша 50 мл әр кг дене салмағына тәулігіне 10 кг-ден жоғары; - 20 кг-ден көп дене салмағына - 1500 мл + қосымша 20 мл әр кг дене салмағына тәулігіне 20 кг-ден жоғары. Енгізілетін ерітіндінің көлемі мен енгізу жылдамдығы көрсетілімге, жасқа, дене салмағына, аурудың ауырлығына және пациенттің метаболизмінің жай-күйіне, сондай-ақ қатар жүретін емге байланысты. Балаларда енгізу көлемі мен жылдамдығын пациенттердің осы санатындавенаішілік препараттарды қолдану тәжірибесі бар емдеуші дәрігер анықтауы тиіс. Гипергликемиядан сақтану үшін организмде глюкозаны утилизациялану шегінен асыруға болмайды, сондықтан декстрозаның ең жоғары дозасы, жас ерекшелігі мен жалпы дене салмағына қарай, ересектер үшін 5 мг/кг/минуттан және жаңа туған нәрестелер мен балалар үшін 10-18 мг/кг/минуттан бастап өзгеріп отырады. Енгізілетін парентеральді дәрілік препараттарды сұйылту мен еріту үшін қолдануға ұсынылатын доза - енгізілетін дәрілік препараттың бір дозасына әдетте 50-250 мл, алайда қажетті көлемді қосылатын дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық негізінде белгілеу керек. Осы орайда, ерітіндінің дозасы мен енгізу жылдамдығы сұйылтылатын дәрілік препараттың қасиеттерімен және дозалау режимімен белгіленеді. Глюкозаның 5% ерітіндісін 10-50 мл-ден вена ішіне сорғалатып енгізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.