+8 бонус

Глюкоза 5% 100мл ANP п/п

170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Китай
  • Өндіруші: Синьцзянская фармацевтическая компания Хуашидань
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 литр препараттың құрамында белсенді зат - 50.0 г глюкоза қосымша зат - хлорлы сутек қышқылы рН 3.2-6.5 дейін, инъекцияға арналған су 1.0 л-ге дейін
Қолданылуы
5% глюкоза көмірсу және сұйықтық жеткіліксіздігін емдеуде қолданылады. 5% глюкоза сондай-ақ үйлесімді парентеральді дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гипергликемия, қант диабеті - гиперлактацидемия - гипергидратация - операциядан кейін глюкоза утилизациясының бұзылулары - ми мен өкпенің ісінуі қаупін төндіретін циркуляторлық бұзылулар - мидың ісінуі, өкпенің ісінуі - сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі - гиперосмолярлық кома - гипонатриемия - глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Ересектер, егде адамдар және балалар: Вена ішіне енгізуге арналған глюкоза ерітіндісінің концентрациясы мен дозасы пациенттің жасын, салмағын және клиникалық жағдайын қоса, бірнеше факторлармен анықталады. Қан плазмасындағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау керек болуы мүмкін. Ұсынылған емдік дозалар: - ересектер үшін: тәулігіне 500 мл-ден 3000 мл-ге дейін - балалар үшін, нәрестелерді қоса: - дене салмағы 0-10 кг: тәулігіне100 мл/кг. - дене салмағы10-20 кг: 1000 мл + қосымша дене салмағы10 кг-ден жоғарытәулігіне50 мл/кг. - дене салмағы>20 кг: 1500 мл + қосымша дене салмағы20 кг-ден жоғарытәулігіне 20 мл/кг. Инфузия жылдамдығы пациенттің клиникалық жағдайына байланысты. Гипергликемияға жол бермеу үшін инфузия жылдамдығы пациенттің глюкозаны утилизациялауға қабілетінен аспауы тиіс. Сондықтан ең жоғарғы доза жасқа және дене салмағына байланысты ересектер үшін 5 мг/кг/мин-нан нәрестелер мен балалар үшін 10-18 мг/кг/мин-ға дейін ауытқиды. Басқа парентеральді препараттарды сұйылту үшін 5% глюкоза ерітіндісін пайдалану кезіндегі ұсынылған доза дәрілік заттың бір дозасына 50-ден 250 мл-ге дейін. Басқа препаратты сұйылтуға арналған 5% глюкоза ерітіндісін пайдалану кезінде алынған ерітіндінің дозасы және енгізу жылдамдығы сұйылтылған дәрілік препараттың қасиеттерімен және дозалау режимімен анықталады. Балалар Инфузияның жылдамдығы және көлемі пациенттің жасына, салмағына, клиникалық, метаболизмдік жағдайына және қатарлас емге байланысты және балаларды венаішілік инфузиялық емдеу тәжірибесі бар консультант-дәрігер анықтауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ерітінді вена ішіне (шеткері немесе орталық вена) енгізуге арналған. Басқа препараттарды сұйылтуға және енгізуге арналған 5 % глюкоза ерітіндісін вена ішіне инфузия арқылы пайдалану кезінде қосымша дәрілік затты тағайындау мақсаты енгізу үшін тиісті көлемін анықтайтын болады. 5 % глюкоза ерітіндісі изотониялық болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.