+6 бонус

ГЛЮКОЗА 5% 100 мл Келун

135 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Келун Фармацевтический завод
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 л препараттың құрамында белсенді зат - 50.0 г немесе 100.0 г сусыз глюкоза қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
5% глюкоза ерітіндісі - көмірсулар мен сұйықтық тапшылығын емдеуге арналған - сонымен қатар парентеральді енгізуге арналған үйлесімді дәрілік заттар үшін тасымалдаушы және еріткіш ретінде қолданылады 10% глюкоза ерітіндісі - жеке немесе қажет болған жағдайда көмірсулармен қамтамасыз ету үшін парентеральді қоректендіру кезінде - гипогликемияның профилактикасы және емі - көмірсуларға қажеттілігі жоғары пациенттерде регидратация және сусыздану жағдайларында - үйлесімді дәрілік заттарды сұйылту.
Қарсы көрсетілімдер
5% глюкоза ерітіндісі - компенсацияланбаған диабет - глюкоза жақпайтын басқа белгілі жағдайлары (мысалы, метаболизмдік стресс жағдайлары) - гиперосмолярлы кома - гипергликемия және гиперлактатемия - әсер етуші затқа жоғары сезімталдық - өкпе ісінуі, мидың ісінуі. 10% глюкоза ерітіндісі - компенсацияланбаған диабет және қантсыз диабет - гиперосмолярлы кома - гемодилюция және жасушадан тыс гипергидратация немесе гиперволемия - гипергликемия және гиперлактатемия - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (олигурия/ануриямен) - компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігі - жалпы ісіну (өкпе және мидың ісінуін қоса) және асциттік цирроз - глюкоза жақпайтын басқа белгілі жағдайлары (мысалы, метаболизмдік стресс жағдайлары) - әсер етуші затқа жоғары сезімталдық. Глюкоза ерітіндісіне қосылған кез келген қосымша затпен байланысты қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет.
Дозасы
Дозалану режимі 5% глюкоза ерітіндісі Ересектер, егде адамдар және балалар: Инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісінің концентрациясы мен дозасы пациенттің жасын, дене салмағын және клиникалық жағдайын қоса алғанда, бірнеше факторлармен анықталады. Қан сарысуындағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін. Сұйықтық теңгерімін, қан сарысуындағы глюкозаны, қан сарысуындағы натрийді және басқа электролиттер деңгейін, әсіресе вазопрессиннің осмостық емес босап шығарылуы жоғары пациенттерде (антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секреция синдромы, SIADH) және гипонатриемия қаупіне байланысты вазопрессин агонистерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде енгізгенге дейін және енгізу кезінде бақылау керек. Қан сарысуындағы натрий мөлшерін бақылау әсіресе физиологиялық гипотониялық сұйықтықтар үшін маңызды. Инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісі организмдегі глюкозаның метаболизміне байланысты енгізгеннен кейін өте гипотониялық болуы мүмкін. Көмірсулар мен сұйықтық тапшылығын емдеу үшін ұсынылатын доза: - ересектер үшін: тәулігіне 500 мл-ден 3 литрге дейін. - сәбилер мен балалар үшін: - дене салмағы 0-10 кг: - дене салмағы 10-20 кг: - дене салмағы > 20 кг: 100 мл/кг/24 сағат 1000 мл + 50 мл/кг, 10 кг/24 сағаттан артық 1500 мл + 20 мл/кг 20 кг/24 сағаттан артық Инфузия жылдамдығы пациенттің клиникалық жағдайына байланысты. Инфузия жылдамдығы гипергликемияны болдырмау үшін пациенттің глюкозаны тотықтыру қабілетінен аспауы тиіс. Сондықтан ең жоғары доза жасына және жалпы дене салмағына байланысты ересектер үшін 5 мг/кг/мин сәбилер мен балалар үшін 10-18 мг/кг/мин ауытқиды. Тасымалдаушы немесе сұйылтқыш ретінде пайдаланған кезде ұсынылатын доза дәрілік заттың енгізілетін дозасы үшін 50-ден 250 мл-ге дейін құрайды. 5% глюкоза басқа инъекциялық препараттар үшін еріткіш ретінде қолданылған кезде, дозасы мен инфузия жылдамдығы негізінен тағайындалған препараттың сипаты мен дозалау режиміне байланысты анықталады. Педиатриялық популяция: Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жағдайларына, қатарлас терапияға байланысты және оны балаларда венаішілік инфузиялық терапияда тәжірибесі бар дәрігер-кеңесші анықтауы тиіс. 10% глюкоза ерітіндісі Инфузияға арналған 10% глюкоза ерітіндісінің дозасы мен енгізу жылдамдығы пациенттің қолдану көрсеткіштерін, жасын, дене салмағын және клиникалық жағдайын қоса алғанда, бірнеше факторлармен анықталады. Сұйықтық теңгерімін, қан сарысуындағы глюкозаны, қан сарысуындағы натрийді және басқа электролиттер деңгейін, әсіресе вазопрессиннің осмостық емес босап шығарылуы жоғары пациенттерде (антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секреция синдромы, SIADH) және гипонатриемия қаупіне байланысты вазопрессин агонистерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде енгізгенге дейін және енгізу кезінде бақылау керек. Қан сарысуындағы натрий мөлшерін бақылау әсіресе физиологиялық гипотониялық сұйықтықтар үшін маңызды. Инфузияға арналған 10% глюкоза ерітіндісі организмдегі глюкозаның метаболизміне байланысты енгізгеннен кейін өте гипотониялық болуы мүмкін. Ересектер мен егде адамдар: 1 кестеде келтірілген ұсынылған дозалар салмағы шамамен 70 кг болатын орташа ересек адам үшін бағдар ретінде қызмет етеді. 1 кесте. Ересек адамға енгізу үшін ұсынылатын доза (70 кг) (*)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.