+23 бонус

ГЛЮКОЗА 40% 5 мл №10 амп

465 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 2000 мг сусыз глюкоза; қосымша заттар: хлорсутекті қышқыл ерітіндісі 0.1 М, инъекцияға арналған су, натрий хлориді.
Қолданылуы
- көмірсулардың көзі ретінде (жеке немесе қажет болған жағдайда парентеральді тамақтандыру бөлігі ретінде); - сұйықтықты жоғалтқан жағдайда, әсіресе көмірсуларға қажеттілігі жоғары пациенттерде регидратация үшін; - парентеральді енгізілетін дәрілік заттарды сұйылту және еріту үшін.
Қарсы көрсетілімдер
Төмендегі пациенттерге қарсы көрсетілген: - декомпенсацияланған қант диабеті, глюкозаға төзбеушіліктің басқа белгілі жағдайлары (метаболикалық стресс секілді), гиперосмолярлық кома, гипергликемия, гиперлактатемия - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы - клиникалық елеулі гипергликемиясы бар
Дозасы
Дәрілік препараттың дозасы мен енгізу жылдамдығы бірнеше факторлармен, оның ішінде қолданылуымен, жасымен, дене салмағымен және пациенттің клиникалық жай-күйімен анықталады. Енгізу әдісі және жолы Дәрілік препарат тиісті сұйылтудан кейін немесе парентеральді тамақтанудыруға арналған қоспаға қосқаннан кейін вена ішіне енгізуге арналған. Гиперосмолярлы ерітінділерді енгізу веналардың тітіркенуі мен флебитті туындатуы мүмкін. Алынған қоспаны оның соңғы осмолярлығына байланысты орталық немесе шеткері вена арқылы вена ішіне құюға арналған жүйенің көмегімен енгізу керек. Егер енгізуге дайын қоспа гипертониялық болып табылса, бұл шеткері венаға енгізген кезде венаның тітіркенуін туындатуы мүмкін. Инфузияның жылдамдығы мен көлемі науқастың жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жағдайына, сондай-ақ қатарлас емге байланысты. Құрамында глюкоза бар препараттарды енгізуді бастаған кезде ағын жылдамдығын біртіндеп арттыруды ескеру керек. Инфузияны тоқтатқаннан кейін гипогликемия қаупін төмендету үшін инфузияны тоқтатар алдында ағын жылдамдығын біртіндеп төмендету туралы мәселені қарастыру керек. Электролиттердің қосылуы пациент үшін клиникалық қажеттілікке сәйкес көрсетілуі мүмкін. Жеке тәртіпте тағайындау кезінде дәрумендер мен микроэлементтер және басқа компоненттер (аминқышқылдары мен липидтерді қоса) қоректік заттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және тапшылық пен асқынудың алдын алу үшін парентеральді режимге қосылуы мүмкін. Дәрілік препаратты пайдалану алдында аминоқышқылдар (азот) көзімен енгізген кезде азоттың грамына калориялардың тиісті арақатынасына әкелетін және енгізу жолына сәйкес келетін осмолярлығы бар концентрацияға дейін сұйылтады. Глюкоза аминқышқылдарымен бірге пайдаланылған кезде, ақуыздардың оңтайлы анаболизмі үшін глюкозаны енгізу жылдамдығы сағатына 1 г/кг аспауы тиіс. Глюкоза аминофиллинмен, еритін барбитураттармен, эритромицинмен, гидрокортизонмен, варфаринмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен ерітінділерде үйлесімді емес. Глюкоза ерітіндісін спецификалық емес агглютинация қаупіне байланысты қанмен бір инфузиялық жүйеде енгізбеген жөн. Венаішілік инфузияға арналған глюкоза ерітіндісінің қышқыл реакциясы (рН<7) болғандықтан, басқа дәрілік заттармен бір мезгілде енгізген кезде үйлесімсіздік пайда болуы мүмкін. Басқа дәрілік заттармен біріктірген кезде олардың ықтимал үйлесімсіздігін клиникалық бақылау қажет. Балалар мен жасөспірімдерде қолдану Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жай-күйіне, қосарлас емге байланысты және оны балалар мен жасөспірімдерде вена ішіне енгізу тәжірибесі бар дәрігер-кеңесші анықтауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.