+21 бонус

ГЛЮКОЗА 40% 10 мл №10 амп Новосиб

420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Новосибхимфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат –декстроза моногидраты (глюкоза моногидраты) құрғақ затқа шаққанда – 400 мг қосымша заттар-натрий хлориді, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі рН 3.0-4.0 дейін, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- гипогликемияда - көмірсулармен қоректену жеткіліксіздігінде - бассүйекішілік жоғары қысымның симптомдарын уақытша жеңілдетуді қамтамасыз етуде
Қарсы көрсетілімдер
Төмендегі пациенттерге қарсы көрсетілген: - компенсацияланбаған қант диабеті, глюкоза жақпаушылығының басқа белгілі жағдайлары (метаболизмдік стресс сияқты), гиперосмолярлық кома, гипергликемия, гиперлактатемия - әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы - клиникалық елеулі гипергликемиясы бар
Дозасы
Дәрілік препараттың дозасы мен енгізу жылдамдығы бірнеше факторлармен, оның ішінде қолдану көрсеткіштеріне, жасына, дене салмағына және пациенттің клиникалық жай-күйіне қарай анықталады. Енгізу әдісі мен жолы Дәрілік препарат тиісті сұйылтудан кейін немесе парентеральді тамақтанудыруға арналған қоспаға қосқаннан кейін вена ішіне енгізуге арналған. Гиперосмолярлы ерітінділерді енгізу веналардың тітіркенуі мен флебитті туындатуы мүмкін. Алынған қоспаны оның соңғы осмолярлығына байланысты орталық немесе шеткері вена арқылы вена ішіне құюға арналған жүйенің көмегімен енгізу керек. Егер енгізуге дайын қоспа гипертониялық болып табылса, бұл шеткері венаға енгізген кезде венаның тітіркенуін туындатуы мүмкін. Инфузияның жылдамдығы мен көлемі науқастың жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жағдайына, сондай-ақ қатарлас емге байланысты. Құрамында глюкоза бар препараттарды енгізуді бастаған кезде ағын жылдамдығын біртіндеп арттыруды ескеру керек. Инфузияны тоқтатқаннан кейін гипогликемия қаупін төмендету үшін инфузияны тоқтатар алдында ағын жылдамдығын біртіндеп төмендету туралы мәселені қарастыру керек. Электролиттердің қосылуы пациент үшін клиникалық қажеттілікке сәйкес көрсетілуі мүмкін. Жеке тәртіпте тағайындау кезінде дәрумендер мен микроэлементтер және басқа компоненттер (аминқышқылдары мен липидтерді қоса) қоректік заттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және тапшылық пен асқынудың алдын алу үшін парентеральді режимге қосылуы мүмкін. Дәрілік препаратты пайдалану алдында аминқышқылдар (азот) көзімен енгізген кезде азоттың грамына калориялардың тиісті арақатынасына әкелетін және енгізу жолына сәйкес келетін осмолярлығы бар концентрацияға дейін сұйылтады. Глюкозаны аминқышқылдарымен бірге қолданған кезде, ақуыздардың оңтайлы анаболизмі үшін глюкозаны енгізу жылдамдығы сағатына 1 г/кг аспауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерде қолдану Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жай-күйіне, қатарлас емге байланысты және оны балалар мен жасөспірімдерде вена ішіне енгізу тәжірибесі бар дәрігер-кеңесші анықтауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.