+25 бонус

ГЛЮКОЗА 40% 10 мл №10 амп Дальхимфарм

500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глюкоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Дальхимфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат: глюкоза сусыз түріне шаққанда - 400 мг қосымша заттар Натрий хлориді - 0,26 мг Инъекцияға арналған су - 1 мл дейін 0.1 м хлорсутек қышқылы – рН 3.0 - 4.0 дейін
Қолданылуы
- көмірсулар көзі ретінде (жекелей немесе қажет болған жағдайда парентеральді тамақтанудың бөлігі ретінде) - сұйықтық жоғалған жағдайда регидратация үшін, әсіресе көмірсуларға қажеттілігі жоғары пациенттерде - енгізілген парентеральді дәрілік заттарды сұйылту және еріту үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- аса жоғары сезімталдық - гипергликемия - қант диабеті - гиперлактацидемия - гипергидратация - операциядан кейінгі глюкоза утилизациясының бұзылуы - ми мен өкпе ісіну қаупін төндіретін айналымдық бұзылулар - мидың ісінуі, өкпенің ісінуі - жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік - гиперосмолярлық кома - ауыр дегидратация, алкогольдік делирийді қоса - глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы.
Дозасы
Ересектерге Венар ішіне - енгізуге 10-50 мл 5% және 10% ерітінді. Зат алмасу қалыпты болатын ересектерде енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни тәулігіне 250-450 г жуық (зат алмасу қарқындылығы төмендегенде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады), бұл ретте енгізілетін сұйықтықтың тәуліктік көлемі – 30-40 мл/кг. Үлкен  дозада енгізілетін глюкозаның барынша толық сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен онымен бір мезгілде инсулин тағайындайды. Қант диабеті бар науқастарға глюкозаны оның қандағы және несептегі мөлшеріне бақылау жасай отырып енгізеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Парентеральді түрде тамақтандыру үшін балаларға, майлармен және амин қышқылдарымен қатар, алғашқы күні тәулігіне 6 г/кг, одан кейін - тәулігіне 15 г/кг дейін глюкоза енгізеді. Глюкозаның  5% және 10% ерітінділерін енгізген кезде глюкоза дозасын есептеу үшін енгізілетін сұйықтық шекті көлеміне көңіл бөлу керек: дене салмағы 2-10 кг балалар үшін – тәулігіне 100-165 мл/кг, дене салмағы 10-40 кг балалар үшін - тәулігіне 45-100 мл/кг. Электролит теңгерімін бақылау керек. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне. Енгізу жылдамдығы: зат алмасудың қалыпты жағдайында енгізудің ең жоғары жылдамдығы ересектерде – сағатына 0,25-0,5 г/кг (зат алмасу қарқындылығы төмендеген кезде енгізу жылдамдығын сағатына 0,125-0,25 г/кг дейін төмендетеді). Балаларда енгізу жылдамдығы 0,5 г/кг/с аспауы тиіс; ол 5% ерітінді үшін минутына 10 мл жуықты – минутына 200 тамшыны құрайды (20 тамшы = 1 мл).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.