+71 бонус

ГЛЮКОНИЛ 850 мг №60 таб

1430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ, Казахстан
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – метформин гидрохлориді, 500 мг, 850 мг және 1000 мг, қосымша заттар – гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы – гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
Глюконил 2-типтегі қант диабетін емдеуге, әсіресе, тек диетотерапия және дене жаттығулары гликемияның жеткілікті бақылануын қамтамасыз етпеген кезде дене салмағы артық пациенттерге қолданылады. Ересектерде Глюконил монотерапия түрінде, ішуге арналған басқа диабетке қарсы дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілімде қолдануға болады. 10 жастан бастап балаларда Глюконил монотерапия түрінде немесе инсулинмен біріктірілімде қолдануға болады. Диабеттік асқынулардың азаюы 2-типтегі қант диабеті кезінде диетамен глюкоза деңгейін бақылау жеткіліксіздігі салдарынан бірінші желі ретінде метформинмен ем алып жүрген дене салмағы артық ересек пациенттерде байқалды.
Қарсы көрсетілімдер
метформинге немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық жедел метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактатацидоз, диабеттік кетоацидоз) диабеттік прекома бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин) 10 жасқа дейінгі балалар бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін жедел жай-күйлер: дегидратация, ауыр инфекция, шок тіндер гипоксиясымен қатар жүретін жедел немесе өршіген аурулар: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, жақында өткерген миокард инфарктісі, шок бауыр жеткіліксіздігі жедел алкогольдік уыттану, алкоголизм
Дозасы
Бүйрек функциясы қалыпты (ШСЖ> 90 мл / мин) ересектер. Монотерапия және диабетке қарсы басқа да пероральді дәрілермен біріктірілген ем Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне 2-3 рет тамақтану уақытында немесе одан кейін Глюконил препаратының 500 немесе 850 мг дозасын құрайды. Ем басталғаннан 10-15 күннен соң препарат дозасын қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде түзету қажет. Дозаны баяу ұлғайту асқазан-ішектік жағымдылығының жақсаруына ықпал етуі мүмкін. Метформин гидрохлоридінің жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде (тәулігіне 2-3 г) 500 мг дозадағы Глюконилпрепаратының екі таблеткасын 1000 мг дозадағы Глюконил препаратының бір таблеткасына ауыстыруға болады. Ең жоғарғы ұсынылған доза тәулігіне 3 г құрайды (үш қабылдауға бөлінген). Егер басқа диабетке қарсы пероральді препараттан ауысу болжанса: басқа препаратты қабылдауды тоқтатып, метформинді жоғарыда көрсетілген дозада қабылдауды бастаңыз. Инсулинмен біріктірілімі Қандағы глюкозаны үздік бақылауға қол жеткізу үшін Глюконил препараты мен инсулинді біріктірілген ем түрінде қолдануға болады. Глюконил препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 2-3 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды, ал инсулин дозасы қандағы глюкоза деңгейін өлшеу нәтижелері негізінде түзетіледі. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Тәулігіне 2-3 рет тамақ ішу кезінде немесе одан кейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.