+117 бонус

ГЛЮКОФАЖ XR 500 мг №30 таб

2350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Мерк Сантэ с.а.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 500 мг метформин гидрохлориді, қосымша заттар: натрий кармеллозасы (натрий карбоксиметилцеллюлозасы), гипромеллоза 100 000 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2208), магний стеараты, тазартылған су.
Қолданылуы
Салмағы шамадан тыс, глюкозаға толеранттылығы бұзылған және/немесе ашқарында гликемиясы бұзылған, және/немесе гликилденген гемоглобин деңгейі жоғарылаған мына ересек пациенттерде 2 типті қант диабетінің қаупін төмендетуге және кейінге қалдыру жүргізуге: - 2 типті қант диабеті дамуының жоғары қаупі бар - 3-6 ай бойы өмір салтын белсенді өзгеруіне қарамастан, 2 типті қант диабеті үдеген Ересек пациенттерде, әсіресе салмағы шамадан тыс, диетамен емдеу және дене жүктемелері тиісінше гликемиялық бақылауға әкелмейтін пациенттерде 2 типті қант диабетін емдеу үшін. Глюкофаж XR монотерапия түрінде немесе диабетке қарсы басқа оральді дәрілермен немесе инсулинмен біріктіріліп қолданылуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
метформинге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) диабеттік прекома бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин) бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін жедел жағдайлар: дегидратация, ауыр инфекция, шок тіндердің гипоксиясымен қатар жүретін жедел немесе созылмалы аурулар: жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, жақын арада бастан кешірген миокард инфарктісі, шок бауыр функциясының жеткіліксіздігі алкогольмен қатты улану, маскүнемдік
Дозасы
Дозалану режимі Бүйрек функциясы қалыпты (ШСЖ ≥ 90 мл/мин) ересек пациенттер Қант диабеті даму қаупінің төмендеуі Метформин 3-6 ай бойы өмір сүру салтын түрлендіру гликемияны адекватты бақылауға әкелмейтін жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс. - емдеу кешкі тамақтану кезінде тәулігіне 1 рет 500 мг дозадан басталуы тиіс. - емдеуді бастағаннан кейін 10-15 күннен соң гликемия деңгейіне баға беру ұсынылады (глюкозатолерантты тест және/немесе ашқарындағы гликемия деңгейі және/немесе гликирленген гемоглобин қалып шегінде болуы тиіс). Дозаны баяу арттыру асқазан-ішекке жағымдылығының жақсаруына мүмкіндік бере алады. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза кешкі тамақтану кезінде тәулігіне 4 таблетканы (2000 мг) құрайды. - гликемиялық статусқа (әрбір 3-6 ай сайын) ұдайы мониторинг ұсынылады (глюкозатолерантты тестке, ашқарындағы гликемияға, гликирленген гемоглобинге баға беру), сондай-ақ емді жалғастыру қажеттілігін нақтылау үшін қауіп факторларын анықтау. - емдеуді жалғастыруға қайталап баға беру жөнінде шешім, егер пациент өмір сүру салтын және тамақтануды модификацияласа, қабылдануы мүмкін. Монотерапия және диабетке қарсы пероральді басқа дәрілермен біріктірілген ем: Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне 1 рет 500 мг құрайды. Емдеуді бастағаннан кейін 10-15 күннен соң қандағы глюкозаны өлшеу нәтижелерінің негізінде препарат дозасын түзету қажет. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішекке жағымдылығының жақсаруына мүмкіндік беруі мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 500 мг 4 таблетка Глюкофаж XR. Қан плазмасындағы глюкозаның мөлшеріне байланысты, әрбір 10-15 күн сайын кешкі тамақтану кезінде дозаны 500 мг-ден тәулігіне 2000 мг-ге дейін баяу арттырады. Егер күніне 1 рет қабылданатын ең жоғары тәуліктік дозада глюкозаның мөлшерін бақылауға қол жеткізілмесе, онда осы дозаны келесі сызба бойынша күніне бірнеше қабылдауға бөлу мүмкіндігін қарастыруға болады: Босап шығуы ұзаққа созылатын 500 мг Глюкофаж XR: таңертеңгі тамақтану кезінде 2 таблетка және кешкі тамақтану кезінде 2 таблетка. Егер гликемияның қажетті деңгейіне қол жеткізілмесе, пациенттер тәулігіне метформиннің ең жоғары ұсынылған 3000 мг дозасына ауыстырылуы мүмкін. Метформин таблеткаларын қабылдаған пациенттерде үшін Глюкофаж XR препаратының старттық дозасы босап шығуы ұзаққа созылатын метформин таблеткаларының тәуліктік дозасына баламалы болуы тиіс. Метформинді күніне 2000 мг-ден көбірек дозада қабылдап жүрген пациенттерді Глюкофаж XR препаратына ауыстыру ұсынылмайды. Диабетке қарсы басқа дәрілерден ауысуды жоспарлаған жағдайда: басқа дәрілерді қабылдауды тоқтату және Глюкофаж XR препаратын жоғарыда көрсетілген дозада бастау қажет. Инсулинмен біріктірілімі Қандағы глюкозаны жақсы бақылауға қол жеткізу үшін Глюкофаж ХR препаратын және инсулинді біріктірілген ем түрінде қолдануға болады. Глюкофаж® ХR препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 500 мг құрайды, ал сол кезде инсулин дозасын қандағы глюкозаны өлшеу нәтижелерінің негізінде таңдайды. Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясының ықтимал төмендеуіне байланысты, Глюкофаж XR препаратының дозасын бүйрек функциясының параметрлерін негізінде таңдау қажет. Бүйрек функциясына ұдайы баға беріп отыру қажет. 2 типті қант диабетінің бастау қаупін төмендетудің пайдасы анықталмағандықтан, метформин 75 жастан асқан пациенттерге ұсынылмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Метформинмен емдеуді бастар алдында және әрі қарай жыл сайын шумақтық сүзілу жылдамдығын (ШСЖ) анықтау қажет. Бүйрек функциясының үдеу қаупі жоғарылаған пациенттерде және егде жастағыларда пациенттерде бүйрек функциясына әрбір 3-6 ай сайын баға беріп отырған жөн. ШСЖ (мл/мин) Ең жоғары тәуліктік доза Қосымша қорытынды 60-89 3000 мг Бүйрек функциясының төмендеуіне сәйкес дозаны төмендету 45-59 2000 мг Метформинді тағайындағанға дейін лактоацидоз қаупін арттыратын факторларға баға беруі тиіс 30-44 1000 мг Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан төмен құрайды <30 - Метформинді тағайындауға болмайды Бала жастағы пациенттер Жеткілікті деректер жоқ болғандықтан, Глюкофаж XR препаратын балаларға пайдаланылмауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.