+272 бонус

ГЛЮКОФАЖ XR 1000 мг №60 таб

5450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГЕРМАНИЯ
  • Өндіруші: ООО Мерк
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Босап шығуы ұзаққа созылатын 750 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 750 мг метформин гидрохлориді, ол 753,8 мг метформин негізіне сәйкес, қосымша заттар: натрий кармеллозасы (натрий карбоксиметилцеллюлоза), гипромеллоза 100 000 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2208), магний стеараты, тазартылған су Босап шығуы ұзаққа созылатын 1000 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 1000 мг метформин гидрохлориді, ол 1005,0 мг метформин негізіне сәйкес, қосымша заттар: натрий кармеллозасы (натрий карбоксиметилцеллюлоза), гипромеллоза 100 000 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2208), магний стеараты, тазартылған су
Қолданылуы
Салмағы шамадан тыс, глюкозаға толеранттылығы бұзылған және/немесе ашқарында гликемиясы бұзылған, және/немесе гликилденген гемоглобин деңгейі жоғарылаған мына ересек пациенттерде 2 типті қант диабетінің қаупін төмендетуге және кейінге қалдыру жүргізуге: 2 типті қант диабеті дамуының жоғары қаупі бар 3-6 ай бойы өмір салтын белсенді өзгеруіне қарамастан, 2 типті қант диабеті үдеген Ересек пациенттерде, әсіресе салмағы шамадан тыс, диетамен емдеу және дене жүктемелері тиісінше гликемиялық бақылауға әкелмейтін пациенттерде 2 типті қант диабетін емдеу үшін. Глюкофаж XR монотерапия түрінде немесе диабетке қарсы басқа оральді дәрілермен немесе инсулинмен біріктіріліп қолданылуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
метформинге немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) диабеттік прекома бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин) бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бүйрек функциясының айтарлықтай өзгерісі бар жедел аурулар, олар: сусыздану, ауыр инфекция, шок тіндердің гипоксиясыны әкелетін жедел немесе созылмалы аурулар, олар: жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігі, жақын арада бастан кешірген миокард инфарктісі, шок бауыр жеткіліксіздігі, алкогольмен қатты улану, маскүнемдік
Дозасы
Дозалану режимі Бүйрек функциясы қалыпты (ШСЖ ≥ 90 мл/мин) ересек пациенттер Қант диабеті даму қаупінің төмендеуі Метформин 3-6 ай бойы өмір сүру салтын түрлендіру гликемияны адекватты бақылауға әкелмейтін жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс. - емдеу кешкі тамақтану кезінде тәулігіне 1 рет 500 мг дозадан басталуы тиіс. - емдеуді бастағаннан кейін 10-15 күннен соң гликемия деңгейіне баға беру ұсынылады (глюкозатолерантты тест және/немесе ашқарындағы гликемия деңгейі және/немесе гликирленген гемоглобин қалып шегінде болуы тиіс). Дозаны баяу арттыру асқазан-ішекке жағымдылығының жақсаруына мүмкіндік бере алады. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза кешкі тамақтану кезінде тәулігіне 4 таблетканы (2000 мг) құрайды. - гликемиялық статусқа (глюкозатолерантты тестке, ашқарындағы гликемияға, гликирленген гемоглобинге баға беру), ұдайы мониторинг (әрбір 3-6 ай сайын) ұсынылады. - емдеуді жалғастыруға қайталап баға беру жөнінде шешім, егер пациент өмір сүру салтын және тамақтануды модификацияласа, қабылдануы мүмкін. Монотерапия және диабетке қарсы пероральді басқа дәрілермен біріктірілген ем: Босап шығуы ұзаққа созылатын 750 мг таблеткалар Глюкофаж® XR 750 мг метформин таблеткаларын (ұзаққа созылатын немесе дереу босап шығатын) бұрын алған пациенттерге арналған. Глюкофаж® XR 750 мг дозасы метформин таблеткаларының (ұзаққа созылатын немесе дереу босап шығатын) тәуліктік дозасына эквивалентті болуы тиіс, ең көп дегенде 1500 мг-ге дейін кешкі аспен ішу керек. 10-15 күннен кейін қандағы глюкозаны өлшеу арқылы Глюкофаж® XR 750 мг дозасы жеткілікті екенін тексеру ұсынылады. Босап шығуы ұзаққа созылатын 1000 мг таблеткалар Глюкофаж® ХR 1000 мг кешкі ас ішумен күніне бір рет қабылдау керек, бұл ретте ұсынылатын ең жоғары доза күніне 2 таблетканы құрайды. Глюкофаж® ХR 1000 мг қазіргі уақытта 1000 мг немесе 2000 мг метформин гидрохлоридін қабылдайтын пациенттерге демеуші ем үшін қарастырылған. Ауысқанда Глюкофаж® ХR препаратының тәуліктік дозасы метформин гидрохлоридінің ағымдағы тәуліктік дозасына баламалы болуы тиіс. Күніне 2000 мг астам дозада метформин гидрохлоридін алатын пациенттерге Глюкофаж® ХR препаратына ауысу ұсынылмайды. Егер, күніне бір рет 2000 мг-де Глюкофаж® ХR препаратының ең жоғары дозасын қабылдаған кезде гликемиялық бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаса, онда қабылдау режимі, екі доза да тамақпен, таңғы және кешкі ас ішу кезінде күніне екі рет қабылдау қарастырылуы керек. Егер гликемиялық бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаса, пациенттерді күніне 3000 мг ең жоғары тәуліктік дозасы бар метформин гидрохлоридінің стандартты таблеткаларына аустыуға болады. Оральді диабетке қарсы басқа дәріден ауысқан жағдайда, дозаны титрлеуді жоғарыда көрсетілгендей, Глюкофаж® ХR 750 мг немесе Глюкофаж® ХR 1000 мг-ге ауысар алдында Глюкофаж® ХR 500 мг-ден бастау керек. Инсулинмен біріктіру: Метформин гидрохлоридін және инсулинді қандағы глюкоза деңгейін неғұрлым барабар бақылауға қол жеткізу үшін біріктірілген емде қолдануға болады. Глюкофаж® ХR препаратының әдеттегі бастапқы дозасы күніне бір рет 500 мг құрайды және оны кешкі ас ішумен қабылдайды, ал инсулин дозасын қандағы глюкоза деңгейін өлшеу негізінде түзетеді. Титрлеуден кейін Глюкофаж® ХR 750 мг немесе Глюкофаж® ХR 1000 мг-ға ауысуды қарастыру керек. Егде жастағы адамдар: Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясының әлеуетті нашарлауына байланысты метформин гидрохлоридінің дозасын бүйрек функциясын ескере отырып түзету керек. Бүйрек функциясына ұдайы баға беріп отыру қажет. 2 типті қант диабетінің бастау қаупін төмендетудің пайдасы анықталмағандықтан, метформин 75 жастан асқан пациенттерге ұсынылмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Метформинмен емдеуді бастар алдында және әрі қарай жыл сайын шумақтық сүзілу жылдамдығын (ШСЖ) анықтау қажет. Бүйрек функциясының үдеу қаупі жоғарылаған пациенттерде және егде жастағыларда пациенттерде бүйрек функциясына әрбір 3-6 ай сайын баға беріп отырған жөн. ШСЖ (мл/мин) Ең жоғары тәуліктік доза Қосымша қорытынды 60-89 2000 мг Бүйрек функциясының төмендеуіне сәйкес дозаны төмендету 45-59 2000 мг Метформинді тағайындағанға дейін лактоацидоз қаупін арттыратын факторларға баға беруі тиіс 30-44 1000 мг Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан төмен құрайды <30 - Метформинді тағайындауға болмайды Балалар: Тиісті деректер жоқ болғандықтан, Глюкофаж XR препаратын балаларға қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.