+170 бонус

ГЛЮКОФАЖ 1000 мг №60 таб

3410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Merck Sante s.a.s.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Глюкофаж 2 типті қант диабетін емдеуге көрсетілген, әсіресе артық салмақты пациенттерде тек диета емі және дене жүктемелері жеткілікті гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпеген жағдайда. Глюкофаж ересектерде монотерапия түрінде, диабетке қарсы басқа пероральді дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылуы мүмкін; Глюкофаж балаларда 10 жастан бастап монотерапия түрінде немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
метформинге немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) диабеттік прекома бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин); 10 жасқа дейінгі балалар бүйрек функциясының бұзылуына әкелетін жедел жай-күй: дегидратация, ауыр инфекция, шок тіндер гипоксиясымен қатар жүретін жедел немесе созылмалы аурулар: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, жақында өткерген миокард инфарктісі, шок бауыр жеткіліксіздігі жедел алкогольдік уыттану, алкоголизм
Дозасы
Дозалану режимі Бүйрек функциясы қалыпты (ШСЖ ≥ 90 мл/мин) ересек пациенттер Монотерапия және диабетке қарсы басқа пероральді дәрілермен біріктірілген емде: Глюкофаж препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 2-3 рет тамақ ішу кезінде немесе одан кейін 500 немесе 850 мг құрайды. 10-15 күн ем басталғаннан кейін қандағы глюкозаны өлшеу нәтижесі негізінде препарат дозасына түзету жасау керек. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жағымдылығын жақсартуы мүмкін. Метформин гидрохлоридінің жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде (тәулігіне 2-3 г) 500 мг дозадағы Глюкофаж препаратының екі таблеткасын 1000 мг дозадағы Глюкофаж препаратының бір таблеткасына ауыстыруға болады. Диабетке қарсы басқа дәріден ауысуды жоспарлаған жағдайда: басқа дәріні қабылдауды тоқтату керек және Глюкофаж препаратын жоғарыда көрсетілген дозада қабылдауды бастау керек. Инсулинмен біріктірілімі: Қандағы глюкозаны жақсырақ бақылауға қол жеткізу үшін Глюкофаж және инсулинді біріктірілген ем ретінде қолдануға болады. Глюкофаж препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 2-3 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды, бұл арада қандағы глюкозаны өлшеу нәтижесінде инсулин дозасын таңдайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда бүйрек функциясының төмендеуі мүмкіндігінен Глюкофаж препаратының дозасын бүйрек функциясының параметрлері негізінде таңдау керек. Бүйрек функциясына ұдайы бағалау жүргізу керек. Бүйрек функциясы бұзылуы Метформинмен ем бастар алдында және одан әрі қарай - жыл сайын шумақтық сүзіліс жылдамдығын (ШСЖ) анықтау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі үдеуінің қаупі жоғары пациенттерде және егделердегі бүйрек функциясын әр 3-6 айда бағалау керек. ШСЖ (мл/мин) Ең жоғары тәуліктік доза Қосымша қорытынды 60-89 3000 мг Бүйрек функциясы төмендеуіне сәйкес доза төмендеуі 45-59 2000 мг Метформинді тағайындағанға дейін лактоацидоз қаупін арттыратын факторлар бағалануы тиіс Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан астамын құрайды 30-44 1000 мг <30 - Метформин тағайындау қарсы көрсетілімде Балалар және жасөспірімдер: Балаларда 10 жастан бастап Глюкофаж препараты монотерапияда да, сондай-ақ инсулинмен үйлесімде де қолданылуы мүмкін. Әдеттегі бастапқы доза тамақ ішу кезінде немесе одан кейін тәулігіне бір рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. 10-15 күн ем жүргізілгеннен кейін қандағы глюкоза өлшеу нәтижесі негізінде препарат дозасына түзету жасау керек. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жағымдылығын жақсартуы мүмкін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ересектер үшін тамақтану кезінде немесе кейін ең жоғары ұсынылатын доза Глюкофаж препаратының тәулігіне үш рет қабылдауға бөлінген 3 г құрайды. Балаларда тамақтану кезінде немесе кейін ең жоғары ұсынылатын доза Глюкофаж препаратының тәулігіне 2-3 рет қабылдауға бөлінген 2 г құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.