+202 бонус

ГЛАУМАКС ПЛЮС 20 мг/мл + 5 мг/мл 5 мл глазные капли

4055 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Ядран Галенский Лабораторий АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: дорзоламид, 20.002 мг (дорзоламид гидрохлориді түрінде 22.250 мг), тимолол, 4.998 мг (тимолол малеаты түрінде 6.832 мг), қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, маннитол, натрий цитраты, натрий гидроксиді, гидроксиэтилцеллюлоза, тазартылған су.
Қолданылуы
- жергілікті бета-блокаторлармен монотерапияның тиімділігі жеткіліксіз болған кезде ашық бұрышты глаукома немесе жалған эксфолиативті глаукома бар пациенттерде жоғары көзішілік қысым (КІҚ).
Қарсы көрсетілімдер
- бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруы - синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігінің синдромы, синоатриальді блокада, кардиостимулятормен бақыланбайтын екінші және үшінші деңгейдегі жүректің атриовентрикулярлы блокадасы, клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем) немесе гиперхлоремиялық ацидоз - бір немесе екі әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты бір тамшыдан зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына тәулігіне екі рет тағайындайды. Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілерді қолданған кезде тамызу арасындағы аралық 10 минуттан кем болмауы тиіс. Дәрілік препаратты қолданар алдында қолды жуу қажеттілігі туралы пациенттерге ескерту қажет және құтының ұшын көзге немесе қоршаған заттарға тигізбеу керек. Көзге тамызатын ерітінділер дұрыс пайдаланбаған кезде бактериялармен контаминациялануы және көздің инфекциялық зақымдануының себебі болуы мүмкін екендігін пациенттерге хабарлау керек. Контаминацияланған ерітінділерді пайдалану нәтижесінде әрі қарай көре алмай қалумен көздің күрделі зақымдануы мүмкін. Пациенттер құтыны дұрыс қолдану туралы хабардар болуы керек. Балалар Препараттың педиатриялық популяцияда тиімділігі анықталмаған. 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде Глаумакс® Плюс препаратының тиімділігі жас пациенттермен бірдей. Жанаспалы линзаларды пайдалану Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап, оларды препаратты тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағу керек. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Қолдану нұсқаулығы Қолыңызды жуыңыз. Құтыны ашыңыз. Құты тамшылатқышының ұшы көзге, көздің айналасындағы теріге немесе саусақтарға тимейтініне ерекше назар аударыңыз. Басыңызды артқа шалқайтыңыз, құтыны көздің үстінен төңкеріп ұстаңыз. Төменгі қабақты төмен қарай тартыңыз және жоғарыға қараңыз. Құтыны екі жағынан ұстап және абайлап қыса отырып, бір тамшыны көз бен төменгі қабақ арасындағы кеңістікке тамызыңыз. Препараттың организмнің басқа бөліктеріне енуіне жол бермеу үшін көзіңізді жұмып және саусағыңызбен көздің ішкі бұрышын шамамен екі минут басыңыз. Егер дәрігер ұсынған болса, екінші көз үшін 3-тен 5-ке дейінгі қадамдарды қайталаңыз. Құтыны қалпақшамен мықтап бұраңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.