+42 бонус

ГИПОТИАЗИД 25 мг №20 таб Гидрохлортиазид

9:00-ден кейін қолжетімді
840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидрохлоротиазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Санофи - Авентис
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 25 мг немесе 100 мг гидрохлоротиазид, қосымша заттар: магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
- шығу тегі әртүрлі ісіну синдромы (жүрек, бүйрек немесе бауыр ауруларында, етеккір алдындағы синдромда, дәрілік ісінулерде, мысалы, кортикостероидтармен емдеу нәтижесінде) - артериялық гипертензияда (аурудың жеңіл түрлерінде монотерапия түрінде немесе гипертензияға қарсы препараттармен біріктіріп) - парадоксты түрде, көбіне шығу тегі ренальді қантсыз диабетте полиурияны азайту үшін - гиперкальциурияны төмендету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- гидрохлоротиазидке немесе басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анурия - ауыр бүйрек (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе бауыр жеткіліксіздігі - емге резистентті гипокалиемия немесе гиперкальциемия - рефрактерлі гипонатриемия - симптоматикалық гиперурикемия (подагра) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - лактация кезеңі - 3 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түрі)
Дозасы
Дозаны әркімге жеке таңдау мен қатаң медициналық бақылау талап етіледі. Емдеу кезінде (<3.0 ммоль/л) калий мен магнийдің көп жоғалуына байланысты калий мен магнийдің орнын толтыру қажет болуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы және дигиталиспен бір мезгілде емделу кезінде ерекше сақ болу керек. Ересектер Ісінулерді емдеу үшін: әсеріне қарай 25-50 мг демеуші дозаға дейін төмендетуге болатын әдеттегі бастапқы доза- тәулігіне бір рет немесе ауыспалы режимде (мысалы, күн ара) 25-100 мг препарат болады. Кейбір ауыр жағдайларда 200 мг бастапқы доза қажет болуы мүмкін. Етеккір алдындағы ісіну: әдеттегі доза симптомдардың білінуінен бастап етеккірдің басталуына дейін тәулігіне 25 мг құрауы мүмкін. Гипертензияға қарсы дәрі ретінде ұсынылатын доза монотерапия түрінде немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде бір қабылдауда тәулігіне бір рет 25-100 мг құрайды. Кейбір пациенттерге 12,5 мг бастапқы доза жеткілікті (монотерапияда да, басқа гипотензивті препараттармен біріктірілімде де) болады. Қалаған емдік әсерге тәулігіне 100 мг аспайтын ең аз тиімді дозамен жету немесе онымен демеу керек. Гипотензивті әсер 3-4 күн ішінде білінеді, алайда, тиімді әсерге жету үшін 3-4 апта қажет болуы мүмкін. Ем аяқталғаннан кейін гипотензивті әсер бір аптаға дейін сақталады. Біріктірілген ем кезінде - артериялық қысымның күрт төмендеуін болдырмау үшін - әрбір препараттың дозасын тиісінше төмендету керек. Қантсыз диабетте полиурияны азайту үшін әдеттегі тәуліктік доза 50-150 мг құрайды (бірнеше қабылдауда). Балалар Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағының 1-2 мг/кг немесе тәулігіне бір рет 30 - 60 мг/м2 құрайды: 2 жасқа дейінгі балаларға (баланың салмағына қарай)-12.5 - 37.5 мг, 2 жастан 12 жасқа дейін-күніне 37,5-100 мг. 12 жастан асқан балаларға бастапқы доза әдетте күніне 25-100 мг құрайды, демеуші доза 25-50 мг құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Гипотиазид таблеткаларын тамақтан кейін қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.