+95 бонус

ГИДРОТЕН 5 % 30 г мазь

1910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декспантенол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм жақпамайдың құрамында белсенді зат – 50 мг декспантенол, қосымша заттар: хлоргексидин гидрохлориді, полиэтиленгликоль ПЭГ-6 стеараты, этиленгликоль пальмитостеарат және полиэтиленгликоль ПЭГ-32 стеарат қоспасы (TEFOSE 63), 2-октилдодецил миристаты (MOD), жожоба майы, стеарил спирті, ланолин, вазелин, сұйық парафин, ЭДТА динатрийі, пропиленгликоль, тазартылған су.
Қолданылуы
жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жөргектен пайда болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін тері жабынының бүтіндігі бұзылған кезде оған қоса кортикостероидты препараттарды пайдаланған кезде оның құрғақтығын емдеу және профилактикасында емшек еметін балалардың баздануын емдеу және профилактикасында емізу кезеңінде сүт бездеріне күтім жасау: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
Дозасы
Сыртқа. Жақпамайды күніне бір немесе бірнеше рет жұқа қабатпен, қажет болған жағдайында алдын ала тазартылған жараға немесе терінің зақымданған бөліктеріне жағады және ақырындап сылайды. Қажет болған жағдайда таңғышты пайдалануға болады. Емшек еметін баланың күтімі: жақпамайды жаялықты (жөргекті) ауыстырған сайын жағады. Емшек емізетін аналардың сүт бездеріне күтімі: жақпамайды емізіп болған сайын емшек ұшына жағып отыру керек. Келесі емізу алдында жақпамайдың қалдығын сүрткімен немесе жұмсақ шүбірекпен сүртіп тастау керек. Жатыр мойны зақымдануын емдеген кезде дәрігердің тағайындауына сәйкес күніне бір немесе бірнеше рет жағу керек. Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне тәуелді. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар Өте сирек - аллергиялық дерматит - жанаспалы дерматит, қышыну, қызару - экзема, бөрпе, есекжем - терінің тітіркенуі және күлбіреуіктің пайда болуы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарлау керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.