+200 бонус

ГИДРОКСИКАРБАМИД 500 мг №30 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
4000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидроксикарбамид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: РУП «Белмедпрепараты»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат- 500.0 мг гидроксикарбамид, қосымша заттар: лимон моногидраты қышқылы, сусыз динатрий фосфаты, кальций стеараты, натрий лаурилсульфаты, натрий цитраты 5,5-сулы, қатты желатинді капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), күн батар түстес сары (Е 110).
Қолданылуы
Гидроксикарбамид антиметаболиттер деп аталатын препараттар тобына жататын қосылыс болып табылады. Емдеу кезінде көрсетілген: аурудың созылмалы немесе жеделдетілген кезеңінде созылмалы миелолейкозы (СМЛ) бар пациенттерді; тромбоэмболиялық асқынулардың қаупі жоғары эссенциалды тромбоцитемиясы немесе шынайы полицитемиясы бар пациенттерді.
Қарсы көрсетілімдер
Гидроксикарбамид препаратына немесе препараттың қандай да бір басқа компонентіне жоғары сезімталдық (6-бөлімде атап көрсетілген); Гидроксикарбамидке аса жоғары сезімталдық пайда болған кезде емді тоқтату керек; тромбоцитопения (тромбоциттердің төмен саны), айқын лейкопения (лейкоциттердің төмен саны) немесе ауыр анемия (эритроциттердің төмен саны); жүктілік және бала емізу кезеңі; Гидроксикарбамид препаратын қабылдайтын иммунитеті әлсіреген пациенттерге тірі вакциналармен вакцинацияламаған жөн ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі" бөлімін қараңыз).
Дозасы
Ересектер Емдеуді тек тәжірибелі онкологтар немесе гематологтар жүргізуі тиіс. Доза пациенттің нақты немесе мінсіз салмағына байланысты, қайсысы аз. СМЛ Гидроксикарбамид препаратымен емдеу кезінде әдетте лейкоциттер санына байланысты күнделікті 40 мг/кг бастапқы дозада тағайындалады. Егер лейкоциттер саны 20х109/л-ден төмен түссе, доза 50% - ға (күніне 20 мг/кг) азаяды. Содан кейін доза лейкоциттер санын 5 - 10х109/л деңгейінде демеу үшін жеке таңдалады. Егер лейкоциттер саны 5х109/л-ден төмен түссе, Гидроксикарбамид препаратының дозасын азайту керек, ал егер лейкоциттер саны >10х109/л болса, көбейту керек. Егер лейкоциттер саны 2,5×109/л азайса немесе тромбоциттер саны 100×109/л азайса, емдеу тоқтатылуы тиіс (4.4-бөлімді қараңыз). Бұл жағдайда 3 күннен кейін қан талдауын қайта жүргізеді. Гидроксикарбамид препаратының ісікке қарсы тиімділігін анықтау үшін тиісті тестілеу уақыты алты аптаны құрайды. Егер ауру елеулі үдесе, емді тоқтату керек. Егер елеулі клиникалық жауап байқалса, емді белгісіз ұзақ уақытқа дейін жалғастыруға болады. Эссенциалды тромбоцитемия кезінде Гидроксикарбамид препараты әдетте лейкоциттер санын 4х109/л-ден төмендетпей, тромбоциттер санын 600х10 9/л-ден төмен демеу үшін дозаны түзетумен тәулігіне 15 мг/кг бастапқы дозада тағайындалады. Егер тромбоциттер және/немесе лейкоциттер санын талапқа сай бақылауға болатын болса және резистенттілік немесе жақпаушылық белгілері болмаса, Гидроксикарбамид препаратымен емдеуді белгісіз ұзақ уақытқа жалғастыру керек. Шынайы полицитемия кезінде Гидроксикарбамид препаратымен емді тәулігіне 15-20 мг/кг дозада бастау керек. Гидроксикарбамид препаратының дозасын гематокритті 45% - дан төмен және тромбоциттер санын 400x109/л-ден төмен демеу үшін жеке таңдау керек. Пациенттердің көпшілігі үшін бұған күніне орта есеппен 500-ден 1000 мг-ге дейінгі дозаны үздіксіз қабылдау кезінде қол жеткізуге болады. Егер гематокрит пен тромбоциттер санын талапқа сай бақылауға болатын болса және резистенттілік немесе жақпаушылық белгілері болмаса, емдеуді белгісіз ұзақ уақытқа жалғастыру керек. Егер Гидроксикарбамид препараты миелосупрессиялық препараттармен бір мезгілде қолданылса, Гидроксикарбамид препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Қатты капсулаларды сұйықтықтың көп мөлшерін іше отырып (мысалы, бір стақан су) тұтастай жұту керек, олар аузында ерімеуі тиіс. Егер пациент капсулаларды тұтастай жұта алмаса, оларды ашып, ішіндегісін бір стақан суда ерітіп, дереу ішуге болады. Кейбір тасымалдаушы заттар толығымен ерімеуі және сұйықтықтың беткейінде қалуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.