+11 бонус

ГИДРОХЛОРТИАЗИД 25мг №20 таб

235 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидрохлоротиазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – гидрохлортиазид (100% затқа шаққанда) – 25 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк, желатин, кальций стеараты, картоп крахмалы.
Қолданылуы
Артериялық гипертензия (монотерапияда да, басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде де қолданылады); Генезі әртүрлі ісіну синдромы (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром, етеккір алдындағы синдром, жедел гломерулонефрит, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, қақпалық гипертензия, кортикостероидтармен емдеу); Нефрогенді қантсыз диабетте симптоматикалық полиурия азаюы; Гиперкальциурия кезінде несеп-жыныс жолындағы кальций-фосфат конкременттерінің түзілу профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа және басқа сульфаниламидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анурия бүйрек (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі емдеуге төзімді гипокалиемия немесе гиперкальциемия рефрактерлі гипонатриемия, гипокалиемия, гиперкальциемия симптоматикалық гиперурикемия (подагра) галактозаға тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы жүктілік (бірінші триместр) лактация кезеңі 3 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түр)
Дозасы
Дозаны әркімге жеке таңдау және қатаң медициналық бақылау қажет болады. Емдеу кезінде калий мен магний жоғалтудың артуына орай, калий (<3.0 ммоль/л) мен магнийді толықтыру қажет болуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы және дигиталиспен бір мезгілде емделу жағдайында ерекше сақ болу қажет болады. Ересектер Ісінулерді емдеу үшін: әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет немесе алма-кезек режимдегі (мысалы, күнара) 25–100 мг препарат болып табылады, оны әсеріне қарай 25–50 мг демеуші дозасына дейін төмендетуге болады. Кейбір ауыр жағдайларда 200 мг бастапқы доза қажет болуы мүмкін. Етеккір алдындағы ісіну: әдеттегі доза симптомдардың пайда бола бастауынан етеккірдің басталуына дейін тәулігіне 25 мг құрауы мүмкін. Гипертензияға қарсы дәрі ретінде ұсынылатын доза монотерапия түрінде немесе басқа гипотензиялық препараттармен біріктірілімде тәулігіне бір қабылдауға 25–100 мг құрайды. Кейбір пациенттерге 12,5 мг бастапқы доза (монотерапия түрінде де, басқа гипотензиялық препараттармен біріктірілімде де) жеткілікті болуы мүмкін. Қажетті емдік әсеріне тәулігіне 100 мг-ден аспайтын ең төмен тиімді дозасымен жету (немесе оны демеу) керек. Гипотензиялық әсері 3–4 күн ішінде көрініс береді, алайда оңтайлы әсеріне жету үшін 3–4 аптаға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Емдеу аяқталған соң гипотензиялық әсері бір аптаға дейін сақталады. Біріктірілген емде – артериялық қысым күрт түсіп кетпес үшін – әр препараттың дозасын тиісті үлгіде төмендету керек. Қантсыз диабетте полиурияны төмендету үшін әдеттегі тәуліктік доза 50–150 мг (бірнеше қабылдауға) құрады. Балалар Ұсынылатын тәуліктік доза салмағына 1–2 мг/кг немесе дене беткейі ауданына 30–60 мг/м2 құрайды, бір рет қабылданады: 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға - күніне 37,5–100 мг. 12 жастан үлкен балаларға бастапқы доза, әдетте, күніне 25–100 мг құрайды, демеуші доза 25–50 мг құрайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке. Таблеткаларды ас ішуден кейін қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.