+342 бонус

Гидроферол 0,266 мг капсулы №5

6840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кальцифедиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: ФАЭС ФАРМА, С.А.
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат-0,266 мг кальцифедиол қосымша заттар-сусыз этанол, орташа тізбекті триглицеридтер (Miglyol 812N), капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин (≥99% глицерин), сорбитол (70% к/к), титанның қостотығы (Е171), күн батар түстес сары бояғыш S (Е-110), тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде D дәрумені тапшылығын (яғни 25-ОН-холекальциферол деңгейі <25 нмоль/л) емдеу. D дәрумені тапшылығы қаупі анықталған ересектерде, мысалы мальабсорбция синдромы, минералды-сүйек бұзылыстарымен созылмалы бүйрек ауруы (МСБ-СБА) немесе басқа да белгілі қауіптері бар пациенттерде D дәрумені тапшылығы профилактикасы. D дәруменінің тапшылығы бар немесе оның жеткіліксіздігі қаупі бар пациенттерде остеопорозды спецификалық емдеуге қосымша ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гиперкальциемия (қан сарысуындағы кальций > 10,5 мг/дл), гиперкальциурия (кальцийдің несеппен экскрециясының жоғарылауы) кальций литиазы гипервитаминоз D 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
D дәруменін тағаммен алу және күн сәулесінің әсері пациенттерде әр түрлі, сондықтан бұл факторлар кальцифедиол сияқты D дәруменінің аналог-препараттарының тиісті дозасын есептеу кезінде ескерілуі тиіс. Емдеу дозасы, жиілігі және ұзақтығы қан плазмасындағы 25-ОН-холекальциферол деңгейіне, пациенттің типі мен жай-күйіне және семіздік, мальабсорбция синдромы, кортикостероидтармен емдеу сияқты басқа қатарлас ауруларға байланысты анықталады. Қабылданған доза қан сарысуындағы кальций деңгейін 9-10 мг/дл аралығында қамтамасыз етуі тиіс. Плазмадағы 25-ОН-холекальциферолды анықтау D дәрумені тапшылығын диагностикалаудың ең қолайлы тәсілі болып саналады. Қан сарысуындағы 25-ОН-холекальциферол деңгейі <20 нг/мл болғанда D дәрумені тапшылығы бар деп саналады, ал қан сарысуындағы 25-ОН-холекальциферол деңгейі 20 мен 24 нг/мл аралығында болса, D дәруменінің жеткіліксіздігі қарастырылады. Қалыпта адамдарда қан сарысуындағы 25-ОН-холекальциферолдың орташа концентрациясы 25-тен 40 нг/мл-ге дейін болады. Ұсынылатын доза айына бір рет бір капсуланы (0,266 мг кальцифедиол) құрайды. D дәруменінің жеткілісіздігі: 2 ай бойы айына бір капсуланы (0,266 мг кальцифедиол) қабылдау ұсынылады. D дәруменінің тапшылығы: 4 ай бойы айына бір капсуладан (0,266 мг кальцифедиол) қабылдау ұсынылады. D дәруменінің тапшылығы бар пациенттерде остеопорозды қосымша емдеу ретінде 3-4 ай бойы айына бір капсуладан (0,266 мг кальцифедиол) қабылдау ұсынылады. D дәрумені тапшылығы қаупі жоғары пациенттер топтарында, тапшылық дәрежесін аналитикалық тексеруден кейін және қан сарысуындағы 25-ОН-холекальциферол деңгейін тұрақты мониторингілеу кезінде едәуір жоғары дозаларды қабылдау немесе ұзағырақ қабылдау қажет болуы мүмкін: Бүйрек остеодистрофиясы: бір капсула (0,266 мг кальцифедиол) апта сайын немесе екі аптада бір рет. Кортикостероидты препараттарды қабылдаудан туындаған сүйек аурулары: бір капсуладан (0,266 мг кальцифедиол) айына бір рет. D дәруменінің тапшылығы жоғары немесе мальабсорбция синдромы бар пациенттер: емдеу басталғаннан кейін бір аптадан кейін бастапқы дозаны қайта қабылдау, содан кейін төрт ай бойы бір капсуладан айына бір рет, қан плазмасындағы 25-ОН-холекальциферол концентрациясын бақылаумен. 25-ОН-холекальциферол деңгейіне байланысты дозаны немесе қабылдау жиілігін арттыру қажет болуы мүмкін. Мән қалыпты диапазонда тұрақтанғаннан кейін қабылдауды тоқтату немесе басқа қабылдау сызбасын анықтау керек. Жалпы алғанда, симптомдар жақсарған кезде дозаны азайту керек, өйткені сүйек тіндері қалпына келтірілгеннен кейін D дәруменінің аналог-препараттарын қолдану қажеттілігі азаяды. Қажетті немесе таңдаулы диапазонда (30-60 нг/мл) екеніне көз жеткізу үшін 3 ай емдеуден кейін қан сарысуындағы 25-ОН холекальциферол концентрациясын тексеру керек. Мәнді көрсетілген диапазонда тұрақтандырғаннан кейін препаратпен емдеуді тоқтату немесе оны қабылдау жиілігін төмендету керек. Бала жасындағы пациенттер Балаларда қолданған жағдайда препараттың басқа түрлерін едәуір төмен дозада пайдалану ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Пероральді

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.