ГЕРВЕТИН 0,15% 100 мл раствор

2910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензидамин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА СЕВЕРНАЯ МАКЕДОНИЯ
  • Өндіруші: Спей Медикал Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында белсенді зат – 0,15 г бензидамин гидрохлориді, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, глицерол, 96 % этанол, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты, полисорбат 60, жалбыз сұйығы 27198/14, хинолинді сары 70 (E 104), индиготин 85 (E 132), тазартылған су.
Қолданылуы
Анальгетикалық және қабынуға қарсы дәрілер ретінде жергілікті симптоматикалық емдеу үшін (кешенді ем құрамында) - ауыз қуысы мен тамақтың қабыну аурулары мен жарақаттық жай-күйі (гингивит, стоматит, фарингит, сәулемен емдеуден кейінгі ойық жаралану, бадамша безді алып тастағаннан кейінгі және мұрын асқазан зондын пайдаланғаннан кейінгі жай-күй) - тістерді консервативті емдеуге қосымша ретінде және стоматологиялық операциялардан кейін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - салицил қышқылына және / немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарға жоғары сезімталдық - жұту проблемалары - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерге: егер ауыруды жеңілдету үшін қажет болса, әр 1,5 - 3 сағат сайын 15 мл ерітіндіден (1 ас қасық). Енгізу әдісі мен жолы Препаратты әдетте сұйылтылмаған күйде пайдаланады, бірақ «күйдірген» кезде 1:2 арақатынасында сумен сұйылтуға болады. Шайғаннан кейін ерітіндіні түкіріп тастау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Ұсынылған дозадан асыруға болмайды. Тек дәрігердің ұсынымы мен қадағалауы бойынша ұзағырақ емделуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.