+136 бонус

ГЕРБИОН ПЛЮЩ 150 мл сироп Комплекс

2730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Плюща листьев экстракт
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісі  (Hedera helix L., Araliaceae, folium) (5-7,5 : 1) – 7,0 мг, қосымша заттар: сұйық сорбитол (кристалданбайтын), глицерин, натрий бензоаты, лимон қышқылы моногидраты, бальзам хош иістендіргіші*, тазартылған су. * Пропиленгликоль, этанол, цитронелл майы, Litsea cubeba цитралі, лимон майы және кориандр майынан тұрады
Қолданылуы
Гербион® шырмауық шәрбатының құрамында шырмауық  жапырақтарының құрғақ экстрактісі бар. Препарат ересектерге, жасөспірімдерге және 2 жастан асқан балаларға жоғары тыныс алу жолдары және өкпенің қабыну ауруларын кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне және Аралия тұқымдас өсімдіктерге аса жоғары сезімталдық жүктілік және бала емізу кезеңі секретолитик препараттарды қолдануға байланысты респираторлық жүйе тарапынан тыныс алу симптомдары нашарлауының жалпы қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Дозасы
Ересектер мен 12 жас және одан асқан балаларға: 5 немесе 7,5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 70-105 мг шырмауық  жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді). 6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға: 5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 70 мг шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді). 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: 2,5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 35 мг шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді). Енгізу әдісі мен жолы Ұсынылатын дозалағыш қасықтың көмегімен ішке қолдану керек. Шәрбат таңертең, түсте және/немесе кешке қабылдануы тиіс. Гербион® шырмауық шәрбатын қабылдағанда шай немесе басқа жылы сусындарды молынан ішу ұсынылады. Гербион® шырмауық шәрбатын тамақтануға қарамастан қолдануға болады. Емдеу ұзақтығы Жеңіл жағдайларда емдеу ұзақтығы 1 апта болады. Егер пациенттің жағдайы жақсармаса, одан әрі емдеуге қатысты дәрігерге жүгіну керек. Анағұрлым күрделі жағдайларда емдеу ұзақтығы дәрігермен әр адамға жекелей анықталады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.