+115 бонус

ГЕРБИОН ИСЛАНДСКИЙ МОХ 150 мл сироп Комплекс

2310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противокашлевые препараты прочие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат: 6,0 мг исланд мүгінің (Cetraria islandica (L.) Acharius s.l., қатпарлары) қою сулы экстрактісі (16 - 18:1) (96 мг - 108 мг исланд мүгіне баламалы), қосымша заттар: сұйық сорбитол (кристалданбайтын) (Е420), ксантан шайыры (Е415), натрий бензоаты (Е211), лимон қышқылы моногидраты (Е330), тазартылған су, лимон хошиістендіргіші (құрамы: лимон майы, этанол (Е1510), су, лайм майы, хош иісті субстанциялар, Litsea cubeba цитраль экстрактісі)
Қолданылуы
Гербион исланд мүгінің шәрбаты құрамында исланд мүгінің қою экстрактісі бар. Бұл өсімдік тектес препарат, мыналарды жеңілдету үшін ұсынылған: - құрғақ, тітіркендіргіш жөтелде - тамақтың қарлығуы мен ауыруында
Қарсы көрсетілімдер
- Исланд мүгінің экстрактісіне немесе осы дәрілік заттың басқа ингредиенттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерге арналған стандартты доза тәулігіне төрт рет 15 мл шәрбатқа тең (бұл қою исланд мүгі экстрактісінің 360 мг баламалы). 10 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған стандартты доза тәулігіне төрт рет 10 мл шәрбатқа тең (бұл қою исланд мүгі экстрактісінің 240 мг баламалы). 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған стандартты доза тәулігіне төрт рет 5 мл шәрбатқа тең (бұл қою исланд мүгі экстрактісінің 120 мг баламалы). 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған стандартты доза тәулігіне төрт рет 2,5 мл шәрбатқа тең (бұл қою исланд мүгі экстрактісінің 60 мг баламалы). Енгізу жолы және тәсілі Ішке қабылдау үшін. Препаратты қолданар алдында құтыны сілку қажет Шәрбатты қабылдағаннан кейін бірден тамақ немесе сусындар ішуге болмайды, себебі бұл препаратты ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығынан шығаруды жеделдетуі мүмкін. Дегенмен, емдеу кезінде шай немесе жылы сұйықтықты көп ішу ұсынылады, бірақ шәрбатты қабылдағаннан кейін бірден емес. Емдеу ұзақтығы Емдеудің ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты, сондықтан емдеу ұзақ уақыт бойы (7-14 күн) үздіксіз жалғасуы мүмкін. Дәрілік затты аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін бірнеше күн ішінде қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.