+612 бонус

ГЕПТРАЛ 400 мг №20 таб

12240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Адеметионин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ООО Эбботт Лэбораториз
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 760 мг адеметионин 1,4-бутандисульфонаты (400 мг катион адеметионинге баламалы), қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылы сополимері этилакрилат (1 : 1), макрогол 6000, полисорбат 80, симетикон эмульсиясы (30 %), натрий гидроксиді, тальк.
Қолданылуы
- анықталған бауырдың созылмалы аурулары кезінде оның функцияларын жақсарту және қолдауға арналған қосымша ем - анықталған бауырдың созылмалы аурулары кезіндегі қатты шаршау
Қарсы көрсетілімдер
- метионин цикліне әсер ететін және/немесе гомоцистинурияны және/немесе гипергомоцистеинемияны тудыратын генетикалық бұзылыстар (цистатионин бетасинтаза тапшылығы, В12 дәрумені метаболизмінің бұзылуы). - адеметионинге және/немесе препарат құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - 18 жасқа дейін (осы жастағы популяцияда адеметионинді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты). - биполярлық бұзылыстар Егер Сізде жоғарыда аталған аурулардың/жағдайлардың немесе қауіп факторларының бірі болса, препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Дозасы
Ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 кг дене салмағына 10-25 мг адеметионинді құрайды. Әдетте тәуліктік доза тәулігіне 1-2 таблетканы құрайды (тәулігіне 400-800 мг адеметионин) және тәулігіне 4 таблеткаға дейін ұлғайтылуы мүмкін (тәулігіне 1600 мг адеметионин). Әсері әдетте емнің 7-14 күнінен кейін білінеді және препаратты одан әрі қолданған кезде сақталады. Егде жастағы пациенттер Гептрал® препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесі егде жастағы пациенттерде және одан жас пациенттерде тиімділігінде қандай да бір айырмашылықтарын анықтаған жоқ. Алайда бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының бұзылуының, басқа қатар жүретін патологияның немесе басқа дәрілік заттармен бір мезгілде емдеудің жоғары ықтималдығын ескере отырып, Гептрал ® препаратының дозасын егде жастағы пациенттерге препаратты дозалар диапазонының төменгі шегінен бастап абайлап таңдау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Гептрал® препаратын қолдану туралы шектеулі клиникалық деректер бар, осыған байланысты Гептрал® препаратын осындай пациенттерде қолдану кезінде сақ болу ұсынылады. Бауыр жеткіліксіздігі Адеметионин фармакокинетикасының параметрлері сау еріктілерде және бауырдың созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттерде ұқсас. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Гептрал® препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды бүтіндей, шайнамай, дұрысы күннің бірінші жартысында тамақтану арасында қабылдау керек. Гептрал® препаратының таблеткаларын тікелей ішке қабылдау алдында блистерден алу керек. Егер таблеткалардың түсі ақ түстен сарғыш реңкті ақ түске дейін өзгеше болса (алюминий фольгасының герметикалығы емес болғандықтан), Гептрал® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.