ГЕПАВИТАЛЕ 250/5 мл №5 амп Эссенциальные фосфолипиды

9:00-ден кейін қолжетімді
5175 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний печени
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИНДИЯ
  • Өндіруші: Наброс Фарма Пвт.Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат - 250 мг эссенциальді фосфолипидтер (фосфатидилхолинге баламалы), қосымша заттар: натрий деоксихолаты, бензил спирті, пропиленгликоль, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында - бауырдың майлы дистрофиясында (стеатоз) - жедел және созылмалы гепатитте - бауырдың алкогольдік ауруында - бауырдың дәрілік зақымдануында - уытты гепатитте - бауыр циррозында - бауыр энцефалопатиясында - холестаз және өт тастары пайда болуының қайталану профилактикасында - жүкті әйелдер гестозы кезінде бауырдың функционалдық сынамаларының айқын өзгерістерінде
Қарсы көрсетілімдер
- фосфатидилхолинге және/немесе препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық - 3 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде жаңа туған нәрестелер және шала туған нәрестелер, құрамында бензил спиртінің болуы салдарынан - лактация кезеңі
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан бастап балаларға вена ішіне баяу 5-10 мл-ден, ауыр жағдайларда тәулігіне 10-20 мл-ден енгізеді. Ең жоғары бірреттік доза 10 мл, ең жоғары тәуліктік доза 20 мл. Енгізу жиілігі тәулігіне 1-2 рет. 3-тен 6- жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 мл-ден, 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2-5 мл-ден. Аурудың ағымы ауыр болғанда емдеуді Гепавитале вена ішіне енгізуден бастап, әрі қарай Гепавитале капсула түріндегі пероральді қабылдауға ауысу ұсынылады. Қалауы бойынша ерітіндіні 1:1 арақатынаста науқастың қанымен араластыруға болады. Гепавитале бір шприцте басқа препараттармен араластыруға болмайды! Ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, себебі енгізу орнындағы тіндердің тітіркенуі мүмкін. Гепавитале ерітіндісін тері астына енгізуге болмайды. Инфузия кезінде Гепавитале глюкозаның 5% ерітіндісімен араластырылады. Электролиттердің ерітіндісінде (натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі, Рингер ерітіндісі және т.б.) сұйылтуға болмайды. Гепавитале барлық ерітінділермен қоспасы рН 7,5 төмен емес болуы тиіс, дайын ерітінді инъекцияны енгізу кезінде мөлдірлігін сақтауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын клиника-зертханалық көрсеткіштерді ескере отырып дәрігер анықтайды және 5 күннен 10 күнге дейінгі уақытты құрауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.