Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - 5000 ХБ натрий гепарині
(150 ХБ/мг белсенділігіне шаққанда - 33.33 мг),
қосымша заттар: бензил спирті, натрий хлориді, натрий гидроксиді 10% ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
тромбоэмболия профилактикасында
жедел вена және артерия тромбоэмболиясын емдеуде антикоагулянтты дәрі ретінде (миокард инфарктісінің ерте емін және тұрақсыз стенокардияны қоса)
қан айналымының экстракорпоральді үдерісінде қан ұюының
профилактикасында (жасанды қан айналысы аппаратын
пайдаланғанда және гемодиализде).
Қарсы көрсетілімдер
гепаринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық
анамнезден белгілі, сондай-ақ гепаринмен ем аясында тромбоцитопения көріністері немесе артериялық және/немесе веналық тромбоэмболиялық асқынулар көріністері сияқты клиникалық бақылаулар негізінде болжанатын гепарин индукцияланған иммундық II типті тромбоцитопения
коагулопатия, тромбоцитопения, бауырдың, бүйректің және ұйқы
безінің ауыр аурулары, бауыр паренхимасының ауыр зақымдануы, бауырдың қатерлі жаңа түзілімдері сияқты геморрагиялық диатезге
байланысты бұзылыстар тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы, мысалы, Верльгоф ауруында
анамнездегі орналасуына байланыссыз қайталанатын қан кетулер
тамырлар зақымдануы мүмкін аурулары, мысалы мыналардағы: асқазан-ішек жолдарының ісігі немесе ойық жаралануы, Крон ауруының өршуі, диастолалық артериялық қысымы 105 мм сын. бағ. астам артериялық гипертензия, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия, бассүйекішілік қан кетулер, бассүйекішілік қан кетулерге күдік болуы, жуырда өткерген геморрагиялық инсульт (өткеніне 6 айға дейін болған); орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) зақымдануы немесе нейрохирургиялық араласымдар, бассүйекішілік артериялық аневризма, ретинопатиялар (оның ішінде диабеттік ретинопатия), шыны тәрізді денеге қан кетулер; офтальмологиялық хирургиялық араласулар, бас, мойын, құлақ аймағына операциялар; инфекциялық эндокардит.
сәуле емін жүргізу, қант диабетінің ауыр түрі, шок жағдайы
қауіп төндіретін аборт, босанулар (оның ішінде жақын арадағысы), жатырішілік ұрықтануға қарсы дәрілер пайдалану
жұлын-ми, эпидуральді анестезия, люмбалдық пункция, жұлын-ми пункциясынан кейінгі жай-күй
геморрагиялық диатезге байланысты ағзалар зақымдануы
алкоголизм
жуық арада қуық безіне, бауырға және өт жолдарына хирургиялық
араласулар жүргізгенде
туберкулездің белсенді түрі
жедел және созылмалы лейкоз
аплазиялық және гипоплазиялық анемия
жедел дамитын жүрек аневризмасы, веналық гангрена
жүктілік және бала емізу кезеңі
3 жасқа дейінгі балалар, өйткені Гепасан® құрамында бензил спирті бар
Сақтықпен:
қан кету қаупі бар қатерлі ісікке қауіп болуы
бүйректе және несепағарда тас болуы
қатерлі жаңа түзілімдер, анамнездегі асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы зақымдануы; оның этиологиясына байланыссыз кахексия, жуық арадағы операциядан кейінгі және босанудан кейінгі кезеңде 3-8 тәулік бойына (гепаринотерапия өмір көрсеткіштері бойынша қажет жағдайларды қоспағанда), 60 жастан асқан егде жастағылар, әсіресе әйелдерде; жоғары артериялық қысым;
фибринолитиктермен ем барысында, пероральді антикоагулянттармен, ацетилсалицил қышқылы, тилопидин, клопидогрел, тромбоциттер рецепторларының гликопротеинді IIb/IIIa блокаторлары сияқты тромбоциттер агрегациясын тежейтін дәрілермен;
қан сарысуында калий деңгейін жоғарылататын препараттар алатын
пациенттерде, сондай-ақ гиперкалиемия даму қаупі бар пациенттерде
(мысалы, қант диабетінде, бүйрек функциясы бұзылуында). Бұл жағдайда қан сарысуында калий деңгейі бақылануы тиіс.
Гепасан® дәрілік затының құрамында бактерицидтік әсері бар бензил спиртінің тұрақтандырғыш ретінде болуы балаларда метаболизмдік ацидоз, ОЖЖ бәсеңдеуі, тыныс алу қиындауы, бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия ретінде білінетін анафилактоидты және уытты реакциялар туындатуы мүмкін.
Дозасы
Дозалану режимі
Гепасан® үздіксіз вена ішіне инфузия түрінде немесе жүйелі вена ішіне инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аумағына) тағайындалады.
Гепарин дозасы әр пациент үшін жеке анықталады және қан ұю жүйесінің көрсеткіштерінің нақты мәндеріне, сипатына және ауру барысына, жүргізілген емге реакцияға, сипатына және қолайсыз жағымсыз реакциялар айқындығына, сондай-ақ пациенттің дене салмағына және жасына байланысты. Гепаринге жеке сезімталдығын, сондай-ақ гепаринмен емге толеранттылығы өзгерістерін ескеру керек.
Ұсынылатын дозалар
Тромбоэмболия профилактикасы
Тромбоэмболия профилактикасы үшін препаратты тері асты арқылы енгізу жолы ұсынылады. Доза таңдау бойынша жалпы ұсыныстар мынадай:
Операцияға дейінгі және одан кейінгі тромбоэмболия профилактикасы
Операцияға дейінгі: 5000 - 7500 ХБ гепаринді тері астына операция алдында 2 сағат бұрын енгізеді.
Операциядан кейін: тромбоз қаупіне байланысты пациенттің белсенділігі өз бетінше қалыпқа келгенге дейін немесе К дәруменінің антагонистері жеткілікті түрде тиімді болғанға дейін әдетте 5000 ХБ гепаринді әр 8-12 сағатта немесе 7500 ХБ әр 12 сағатта тері астына енгізеді. Дозаны түзету үшін қан ұю жүйесінің көрсеткіштері мәнін анықтау талап етілуі мүмкін.
Емнің хирургиялық емес әдісін пайдаланғандағы тромбоэмболия профилактикасы
Ұзақ уақыт төсек режимі қажет пациенттер, тромбоздың жоғары қаупі бар немесе тромбоз қаупі артуына байланысты аурулары бар пациенттер: тромбоз қаупіне байланысты әдетте 5000 ХБ гепаринді әр 8-12 сағатта немесе 7500 ХБ әр 12 сағатта тері астына енгізеді.
Дозаны пациенттің коагуляциялық статусының, қан ұю жүйесінің белсенділігінің көрсеткіштеріне және тромбоз туындауының жеке қаупіне сәйкес түзету керек.
Жедел веналық және артериялық тромбоэмболияны емдеу
Қан тамырларында тромбтар болғанда вена ішіне үздіксіз енгізу ұсынылады.
Ересектер:
Бастапқыда 5000 ХБ гепаринді вена ішіне болюстік инъекция түрінде енгізеді, соңынан инфузиялық сорғы пайдаланумен сағатына 1000 ХБ гепаринді вена ішіне үздіксіз инфузиялауға ауыстырады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Бастапқыда дене салмағының әр кг-на 50 ХБ гепаринді, соңынан сағатына дене салмағының әр кг-на 20 ХБ гепаринді енгізеді. Гепаринді вена ішіне үздіксіз инфузиялауға мүмкіндік болмағанда тері астына енгізуге болады, бұл арада емдік әсерін мұқият бақылаумен тәуліктік дозаны 2-3 тері астылық инъекцияға (мысалы, әр 12 сағатта 10000 ХБ - 12500 ХБ гепаринді) бөледі.
Әдетте, ем бақылауын және доза түзетуді қалыптағы көрсеткіштен 1,5-2,5 есе астам болуы тиіс БІТУ мәніне сәйкес жүзеге асырады. Үздіксіз инфузия кезінде ем басталған соң 1-2 сағаттан, 6 сағаттан, 12 сағаттан және 24 сағаттан кейін БІТУ анықтау ұсынылады. Тері астына енгізуде көрсеткіштерді анықтауды екінші дозаны тағайындағаннан кейін 6 сағаттан соң жүргізу керек.
Доза таңдағанда келесі ұсыныстарды ескеру керек:
Веналық тромбоэмболияны емдеу:
Бастапқыда 5000 ХБ гепаринді вена ішіне болюстік инъекция түрінде енгізеді, соңынан инфузиялық сорғы пайдаланумен сағатына 1000 ХБ гепаринді вена ішіне үздіксіз инфузиялауға ауыстырады.
Доза бақылау мәнінен 1,5-2,5 есе астам болуы тиіс БІТУ мәніне сәйкес түзетілуі керек. БІТУ бұндай мәні емнің алғашқы 24 сағаты ішінде қол жеткізілуі тиіс.
Емді ең кемі 4 тәулік бойына немесе ішке тағайындалатын антикоагулянттардың жеткілікті әсеріне жеткенге дейін жалғастыру керек.
Тұрақсыз стенокардияны немесе тісшесіз Q миокард инфарктісін емдегенде Әдетте, басында вена ішіне, болюсті инъекция түрінде, 5000 ХБ гепаринді соңынан үздіксіз инфузиялаумен сағатына 1000 ХБ гепарин енгізіледі.
Доза бақылау мәнінен 1,5-2,5 есе астам болуы тиіс БІТУ мәніне сәйкес түзетілуі керек. Гепаринді 48 сағаттан кем емес уақыт бойына енгізу керек.
Экстракорпоральді қан айналымы үдерісінде Гемодиализ:
Дозаны қан ұю жүйесінің жай-күйіне және пайдаланылатын аппарат типіне қарай жеке анықтау керек.
Жасанды қан айналу аппараты:
Дозаны жасанды қан айналу аппараты типіне және операция ұзақтығына байланысты жеке анықтау керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы тұлғалар үшін, әсіресе әйелдер үшін доза төмендетілуі тиіс.
Гепаринге сезімталдығы өзгерген немесе гепаринге резистенттілігі бар пациенттерге қажетті емдік әсерге қол жеткізу үшін гепариннің жоғарырақ дозасын пропорциональді емес енгізу талап етілуі мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Енгізу әдісі және жолы
Гепарин тері астына немесе вена ішіне инъекция жолымен немесе үйлесімді еріткіш-тасымалдағышта сұйылтылғаннан кейін вена ішіне инфузия жолымен енгізіледі.
Тері астына инъекция
Теріні дезинфекциялаудан кейін гепарин дозасын қатаң түрде тері астына іш терісінің қатпарына қатты қыспай немесе санның жазылатын беткейіне жіңішке инені пайдалана отырып, дененің ұзына бойы осіне вертикальді түрде енгізеді. Инъекция алдында иненің сыртқы бөлігінен ерітінді тамшысын алып тастау керек, өйткені пункция өзекшесіне енгізілген гепарин беткейлік гематома немесе (сирек жағдайларда) жергілікті аллергиялық реакция туындатуы мүмкін.
Әр кезде енгізу орынын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін).
Лимфа түйіндерінің резекциясын өткерген пациенттерде лимфа дренажы бұзылуынан аулақ болу үшін абдоминальді және урогенитальді аумақта гепариннің тері астына инъекциясын иықтың жоғарғы бөлігіне орындау керек.
Вена ішіне инфузия
Вена ішіне инфузияға арналған Гепасан® 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтылуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.