+42 бонус

ГЕПАРИН 25 г мазь Нижфарм

840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гепарин в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Нижфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм жақпамайдың құрамында белсенді заттар: натрий гепарині 100 ХБ (натрий гепарині 120 ХБ/мг белсенділігі 0,833 мг), бензокаин – 40 мг, бензилникотинат – 0,8 мг, қосымша заттар: глицерол, вазелин, стеарин қышқылы 50, шабдалы майы, эмульгатор № 1, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Қолданылуы
Препарат ересектерге қолдануға арналған: беткейлік вена тромбофлебиті профилактикасында және емінде постинъекциялық және постинфузиялық флебитте сыртқы геморройда, босанудан кейінгі геморроидальді түйіндердің қабынуында лимфедемада (күпсектік) беткейлік перифлебитте лимфангиитте беткейлік маститте оқшауланған инфильтраттар және ісінулерде тері жабындылары тұтастығы бұзылуынсыз жарақаттар және соғулар (оның ішінде бұлшықет тіндерінің, сіңірлерде, буындарда) тері асты гематомасында Препарат 1 жастан асқан балаларға қолдануға арналған: оқшауланған инфильтраттар және ісінулерде тері жабындылары тұтастығы бұзылуынсыз жарақаттар және соғулар (оның ішінде бұлшықет тіндерінің, сіңірлерде, буындарда) тері асты гематомасында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық зақымданған аумақтың тері жабындарының тұтастығының бұзылуы (инфекция жұқтырған ашық жарақат, ойық жаралы-некроздық үдерістер) 1 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Жақпамайды зақымданған аумаққа диаметрі әр 3-5 см орынға 0,5-1г жақпамай есебімен (2-4 см жақпамай) жұқа қабатпен жағады және ақырындап теріге ысқылайды. Сыртқы геморроидальді түйіндер тромбозында тікелей тромбоздалған түйіндерге жақпамайды бөз немесе мата төсенішке жағып төсейді және бекітеді. Осы мақсатпен артқы өтіс жолына енгізетін Гепарин жақпамайы сіңірілген ректальді тампондарды қолданады. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа. Емдеу ұзақтығы Жақпамайды күн сайын күніне 2-3 рет қабыну құбылыстары жойылғанша, орташа 3-тен 7 күнге дейін қолданады. Бұдан ұзағырақ ем жүргізу мүмкіндігін дәрігер анықтайды. Сыртқы геморройлық түйіндердің тромбозы кезінде жақпамайды күн сайын симптомдары жойылғанша, орташа есеппен 3-тен 14 күнге дейін қолдану керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге жүгініңіз. Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Белгісіз: аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну) тері гиперемиясы, қолданған орындағы сезімталдықтың төмендеуі Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.