+173 бонус

ГЕНТАСЕПТ 5 г порошок Аппликационный сорбент

9:00-ден кейін қолжетімді
3460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антибиотики и химиотерапевтические препараты, комбинация
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Борщаговский ХФЗ НПЦ
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препараттың құрамында белсенді заттар: Гентамицин сульфаты гентамицинге және сусыз затқа шаққанда 0.024 г, L-Триптофан 0.014 г, Мырыш сульфаты гептагидраты 0.010 г, Метоксан 1 г алғанға дейін жеткілікті мөлшерде.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал қоздырғыштар жұқтырған жараларды емдеу: - инфекцияланған хирургиялық жаралар (операциядан кейінгі іріңдеу, флегмондар, абсцесстер) - орналасуы мен шығу тегі әр түрлі жарақаттық инфекцияланған жаралар - созылмалы веноздық жеткіліксіздік, облитерациялаушы атеросклероз, аяқтың беткейлік веналары тромбофлебиттері аясында туындайтын трофикалық жаралар -II және III А-III Б дәрежеде күю - тілмелі қабынудың түрлі формалары -ойылу - регенеративті үдерістерді төмендететін түрлі аурулары бар пациенттердегі жаралар (қант диабеті, иммун-тапшылығы, сәулелік зақымдану) - ауқымды іріңді үдерістер кезінде сепсистің кешенді профилактикасы - жараны экссудация және тіндердің ыдырауы өнімдерінен тезірек тазарту, сауығу процесін жақсарту есебінен келлоидты тыртықтар түзілуінің алдын алу
Қарсы көрсетілімдер
- гентамицин сульфатына және препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге жоғары сезімталдық
Дозасы
Гентасептті жараның бетіне, мұқият хирургиялық өңдеуден кейін, жараның бетін біркелкі қабатпен (0,5-1 мм) жабатындай етіп, кейіннен міндетті түрде кептіре отырып, жараны антисептик ерітінділерімен жуғаннан кейін, қақпақты шешіп алып, тамшылатқыш-тығын (тығындағы тесік) арқылы қолданады. Ауқымды зақымданулармен, мысалы, күю кезінде, 8-12 г препаратты бір сәтте қолдануға болады. Гентасепті қолданғаннан кейін жараны дренаждау жалпы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады және таңғыш байлайды. Тіндердің кең таралған жараланған ақаулары кезінде дәке сүрткілермен баяу тампондауға жол беріледі. Күйіктерді емдеу үшін Гентасепт алғашқы 5-6 күнде де, күйік қабыршағының секвестрациясы кезінде де (15 күнге дейін) күйген беткейіне жағылады. Бұл ретте препарат асептикалық таңғыштың көмегімен жараға бекітіледі. Жараны хирургиялық өңдеуді толық көлемде орындау мүмкін болмаған жағдайларда зақымдану аумағына байланысты гентасепт препаратын жараға 0,5-4 г дозада себеді және 24 сағаттан асырмай таңғыш байлайды. Енгізу жолы және тәсілі Гентасепт жергілікті қолданылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Бастапқы кезеңде (1-5 күн) таңғышты тәулігіне 1-2 рет ауыстырады, қабыну үдерістері азайғаннан, жара іріңді-некроздық массалардан тазарғаннан кейін, жараның түйіршіктелуі мен эпителизациясының пайда болуынан кейін – 1-2 тәулік ішінде 1 рет. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.