+56 бонус

ГЕНТАМИЦИН 4% 2мл №10

1120 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гентамицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 2 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 85.64 мг гентамицин сульфаты (80.0 мг гентамицинге шаққанда) қосымша заттар: натрий метабисульфиті, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Гентамицин негізінен өмірге қауіпті ауыр инфекцияларда, әсіресе этиологиясы белгісіз немесе грам-теріс бактериялардан туындаған септицемияға күдік болған кезде қолданылады. Препаратты антибиотикке сезімталдыққа арналған тест нәтижелері негізінде тағайындау керек. Этиологиясы белгісіз ауыр инфекциялар жағдайында себінді нәтижелері мен антибиотикке сезімталдыққа тест алынғанға дейін гентамицинді бета-лактамды антибиотиктермен бір мезгілде тағайындау керек. Аэробты және анаэробты бактериялардан туындаған аралас инфекцияларды емдеу үшін гентамицин анаэробты бактерияларға қарсы тиімді препаратпен біріктіріледі. Гентамицинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеуге арналған басқа көрсетілімдер: Несеп шығару жолдарының инфекциялары: жедел, созылмалы пиелонефрит және цистит. Тыныс алу жолдарының инфекциялары: клебсиелладан, энтеробактериялардан, көк іріңді таяқшадан, стафилококктардан және пневмококктардан туындаған ауыр пневмония. Хирургиялық инфекциялар: асқынған аппендицит, ішекті кесуден кейінгі асқазан жақтауының абсцесі, перитонит және операциядан кейінгі инфекция. Орталық жүйке жүйесінің инфекциясы: грам-теріс бактериялардан туындаған менингит. Басқа инфекциялар: күйік пен тері трансплантациясына байланысты пайда болған тері және жұмсақ тіндер инфекциялары, оның ішінде эндокардит. Қолданудағы шектеулер: тек стационарларда қолдануға арналған. Бактерияға қарсы ем жүргізу кезінде антибиотиктерге төзімділікті және оларды ұтымды қолдану жөніндегі ресми және жергілікті ұсынымдарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
гентамицинге және/немесе аминогликозидтер тобының басқа антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға ми ішіне енгізу
Дозасы
Негізгі ақпарат Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде 3-5 мг/кг тәуліктік дозасы жағымды болады, неғұрлым жоғары дозалар сирек талап етіледі. Емдеу ұзақтығы-7-10 күн. Емдеу кезінде пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдауы тиіс. Дозалау режимін пациенттің дене салмағын ескере отырып, жеке белгілейді. Бүйрек функциясы қалыпты ересектер: Ұсынылатын тәуліктік доза тәулігіне бір рет 3-5 мг/кг құрайды, қажет болған жағдайда екі қабылдауға бөлінеді. Стафилококк, энтерококк немесе Listeria monocytogenes немесе Bartonella spp. сияқты грам-оң бактериялар тудырған инфекцияларда эндокардитте тәулігіне үш рет (әр 8 сағат сайын 1,5 мг/кг) ұсынылады. Қан сарысуындағы жеткілікті концентрацияда бірнеше тәуліктен кейін дозаны 1 мг/кг-ға дейін төмендетуге болады. Ауыр инфекциялар кезінде дозаны тәулігіне 5 мг / кг (әр 8 сағат сайын 1,75 мг / кг) арттыруға болады, бірақ клиникалық әсерге жеткеннен кейін дозаны қалыпты тәуліктік дозаға дейін төмендету керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер Препараттың ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 3-6 мг/кг құрайды, қажет болған жағдайда дозаны екі қабылдауға бөлуге болады. Сәбилер мен жаңа туған нәрестелер 1 айлығынан бастап сәбилер үшін тәуліктік доза тәулігіне бір рет бір реттік доза түрінде 4,5–7,5 мг/кг құрайды, қажет болған жағдайда препарат дозасын екі қабылдауға бөлуге болады. Жаңа туған нәрестелер үшін препараттың тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 4-7 мг/кг құрайды. Жартылай шығарылудың неғұрлым ұзақ кезеңіне байланысты жаңа туған нәрестелерге қажетті тәуліктік дозаны бір рет енгізеді. Плазмадағы гентамицин концентрациясын кейінгі бақылау: Плазмадағы гентамицин концентрациясын, әсіресе егде жастағы пациенттерді, жаңа туған нәрестелерді және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде бақылау керек. Талдау үшін сынамалар енгізілген және келесі енгізілетін доза (гентамициннің төмен деңгейі) арасындағы аралықтың соңында алынады. Плазмадағы гентамицин деңгейі тәулігіне гентамицинді екі рет енгізген кезде және тәулігіне гентамицинді 1 мкг/мл-ден бір рет енгізген кезде 2 мкг/мл-ден аспауы тиіс. Талдау үшін сынамалар алу: Талдау үшін сынама алу екінші күні тікелей келесі енгізілетін дозаның алдында (ең төменгі мәні) және енгізілген дозадан кейін бір сағаттан кейін алынады. Әдетте препараттың плазмадағы концентрациясын анықтау бойынша аптасына 2-3 талдау жүргізу ұсынылады Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ұсынылатын тәуліктік дозаны бүйрек функциясының жай-күйіне байланысты жеке-жеке төмендетіп, түзету керек. Гентамицин негізінен бүйрекпен шумақтық сүзіліс жолымен шығарылатындықтан, препараттың шығарылу жылдамдығы пациенттің бүйрек функциясының жағдайына байланысты болады. Егер емдеу барысында бүйрек функциясы нашарласа және осы кезде препаратты енгізу аралығы ұлғаймаса, препараттың қан мен тіндердегі концентрациясы әлеуетті уытты концентрацияға жетуі мүмкін. Тиісінше, сарысудағы креатинин деңгейін және креатинин клиренсін мұқият бақылау керек. Сондай-ақ, қан плазмасындағы гентамицин концентрациясын үнемі бақылау қажет. Дозалау плазмадағы ең жоғары концентрация 12 мкг/мл деңгейінен аспайтындай және жаңа бір реттік тәуліктік дозаны енгізер алдында 1 мкг/мл аспайтындай таңдалуы тиіс. Препараттың концентрациясын анықтау үшін сынама емдеу басталғаннан кейін 24-48 сағаттан кейін оңтайлы болады және күн сайын қайталау керек. Төменде келтірілген кесте бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозалау аралығын таңдау кезіндегі бағдар болады: Креатинин клиренсі мл/мин Енгізу арасындағы аралықтардың мысалдары, сағатпен ≥ 60 мл/мин 24 59–40 мл/мин 36 30–39 мл/мин 48 <30 мл/мин Пайдалану ұсынылмайды Әрбір диализден кейін препараттың енгізуге ұсынылатын дозасы инфекцияның ауырлығына байланысты 1 мг/кг құрайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын және енгізу аралығын қан сарысуындағы гентамицин концентрациясына байланысты түзету керек. Препараттың концентрациясы 12 мкг/мл мәнінен аспауы тиіс, сондай-ақ келесі дозаны енгізер алдында (4.4-бөлімді қараңыз) тәулігіне гентамицинді екі рет енгізгенде 2 мкг/мл және тәулігіне гентамицинді бір рет енгізгенде 1 мкг/мл препаратты енгізу тағайындалады. Енгізу әдісі және жолы Гентамициннің дозалануы вена ішіне де, бұлшықет ішіне де енгізу үшін бірдей болады. Инъекция жүргізу ауыртпайды. Вена ішіне енгізу септицемиясы бар, сепсистік шоктағы, ауыр күйген, қан кетуі немесе бұлшықет массасының төмендеуі бар пациенттерді емдеу үшін дұрыс. Гентамицин тәулігіне бір рет вена ішіне 0,5–1 сағат бойы енгізіледі. Егер тәуліктік дозаны бірнеше бір реттік дозаларға бөлсе, оны бұлшықет ішіне, сондай-ақ вена ішіне болюсті немесе вена ішіне инфузия түрінде енгізуге болады. Препаратты тәулігіне 1 рет тағайындағанда вена ішіне болюсті немесе бұлшықет ішіне енгізу әдістерін қолдануға болмайды. Гентамицинді келесі инфузиялық сұйықтықтарға қосады: 5% немесе 10% глюкоза ерітіндісі, Рингер ерітіндісі және натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі. Вена ішіне енгізу: гентамицин дозасын қажетті көлемге немесе 100-200 мл инфузиялық ерітіндіге қосады. Ерітіндідегі гентамицин концентрациясы 1 мг/мл (0,1%) аспауы тиіс. Дайын ерітінді 0,5–1 сағат ішінде вена ішіне енгізіледі. Инъекцияға арналған ерітіндіні тікелей венаға сұйылтылмаған түрінде баяу инъекция ретінде де (3-5 минут) енгізуге болады. Басқа ешқандай антибиотиктермен немесе дәрілермен сұйылтуға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.