+475 бонус

ГЕНФЕРОН ЛАЙТ 50000 МЕ 100 доз спрей

9500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО "БИОКАД"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді заттар: адамның рекомбинантты альфа-2b (арИФН-α2b) интерфероны * - 50 000 ХБ, таурин – 1,0 мг; * Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Escherichia coli жасушаларын пайдалану арқылы алынған. қосымша заттар: динатрий эдетаты дигидраты, глицерол, декстран 40000, полисорбат 80, натрий хлориді, калий хлориді, натрий гидрофосфаты додекагидраты, калий дигидрофосфаты, бұрыш жалбызы майы, метилпарагидроксибензоат (Е218), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препараты 18 жастан асқан ересек пациенттерде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы мен емі үшін қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Аурудың алғашқы белгілерінде ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратын күніне 3 рет әр мұрын жолына (бір доза 50 000 ХБ интерферон альфа құрайды, тәуліктік доза 500 000 ХБ аспауы керек) бір дозадан (дозаторға бір рет басу) 5 күн бойы мұрын ішіне енгізеді. ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болғанда және/немесе салқын тигенде препаратты көрсетілген сызба бойынша күніне 2 рет 5-7 күн бойы енгізеді. Қажет болса, профилактикалық курстарды қайталайды. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратын қолдану зерттелмеген ("Арнайы ескертулер" бөлімін, "Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі" тармағын қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Интраназальді. Спрейді қолдану жөніндегі нұсқау: Қорғағыш қалпақшасын алып тастаңыз. Алғаш рет пайдаланар алдында дозаторға жіңішке ағын пайда болғанша бірнеше рет басыңыз. Пайдаланған кезде құтыны тік қалпында ұстаңыз. Дозаторға бір рет басу арқылы препаратты мұрын жолына кезек-кезек шашыратыңыз. Қолданғаннан кейін дозаторды қорғаныш қалпақшасымен жабыңыз. Инфекцияның таралуына жол бермес үшін дозаторды препаратпен жекелей пайдалану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.