+625 бонус

ГЕНФЕРОН ЛАЙТ 125000 МЕ №10 супп. Интерферон альфа

12500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: АО "БИОКАД"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді заттар – адамның рекомбинатты альфа-2b интерфероны (арИФН-альфа2b)** - 125 000 ХБ, 250 000 ХБ, таурин – 0,00500 г. қосымша заттар: декстран 60000, макрогол 1500, полисорбат 80, эмульгатор Т2, натрий гидроцитраты (натрийдің номиналды мөлшері ммольдегі бір дозада – 0,00042), лимон қышқылы, тазартылған су, суппозиторий массасын алу үшін қатты май. ** - «Адамның рекомбинатты альфа-2b интерфероны (арИФН-альфа2b)» субстанциясына «БИОКАД» ЖАҚ ФСП сәйкес қосымша заттар кіреді, Ресей: натрий хлориді (ЕФ*), натрий ацетаты тригидраты (ЕФ*), сірке қышқылы (мұзды) (ЕФ*), инъекцияға арналған су (ЕФ*).
Қолданылуы
- кешенді ем компоненті ретінде - балаларда жедел респираторлы вирустық инфекцияны және басқа бактериялық және вирустық этиологиядағы инфекциялық ауруларды емдеу үшін, - кешенді емнің компоненті ретінде – 3 жастан 6 жасқа дейінгі жиі және ұзақ ауыратын балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қайталанатын көріністерін емдеу және профилактикасы үшін, - балаларда және әйелдерде, оның ішінде жүктілерде, дәрігермен тағайындалған және бақыланатын спецификалық ем аясында урогенитальді жолдың инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің I триместрі
Дозасы
Енгізу тәсілі, дозасы және курс ұзақтығы жасқа және нақты клиникалық жағдайларға байланысты болады. Ересектерге және 7 жастан асқан балаларға ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратын альфа-2b интерферонының 250 000 ХБ дозасында бір суппозиторий түрінде қолданады. 7 жасқа дейінгі балаларда препаратты альфа-2b интерферонының 125 000 ХБ дозасында суппозиторий түрінде қолдану қауіпсіз болып табылады. Жүктіліктің 13-40 аптасындағы әйелдерде препарат альфа-2b интерферонының 250 000 ХБ дозасында суппозиторий түрінде қолданылады. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ересектерде қынап ішіне де және ректальді түрде де қолдануға болады: балаларда – тек ректальді! Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ұсынылатын дозалар және емдеу режимі: Балаларда жедел респираторлы вирустық инфекцияларда және басқа жедел вирустық сипаттағы ауруларда: 1 суппозиторийден ректальді күніне 2 рет 12-сағаттық аралықпен негізгі еммен қатар 5 күн бойы жүргізіледі. Егер 5 күндік емдеу мерзімі өткеннен кейін ауру симптомы азаймаса немесе айқынырақ бола түссе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс. Клиникалық көрсетілімдер бойынша емдеу курсын 5 күндік үзілістен кейін қайталауға болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі жиі және ұзақ ауыратын балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекцияларда: 1 суппозиторийден (125 000 ХБ) ректальді тәулігіне 2 рет 12 сағат аралықпен стандартты еммен қатар 10 күн бойы жүргізіледі. Жедел респираторлық вирустық инфекцияны емдеудің негізгі кезеңі аяқталғаннан кейін, профилактикалық сызбаға көшуге болады: 3 апта бойы күнара 1 рет түнге қарай 1 суппозиторийден (125 000 ХБ) ректальді. 7 жастан асқан балаларда вирусты этиологиядағы созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында: 1 суппозиторийден (250 000 ХБ) ректальді күніне 2 рет 12 сағаттық аралықпен стандартты еммен қатар 10 күн бойы жүргізіледі. Одан кейін 1-3 ай бойы – күнара түнге қарай 1 суппозиторийден ректальді. Балаларда урогенитальді жолдың жедел инфекциялық-қабыну ауруларында: дәрігермен тағайындалған және бақыланатын спецификалық ем аясында ректальді 10 күн бойы 12 сағаттық аралықпен күніне 2 рет 1 суппозиторийден. Жүктілерде урогенитальді жолдың инфекциялық-қабыну ауруларында: дәрігермен тағайындалған және бақыланатын спецификалық ем аясында қынап ішіне 10 күн бойы 12 сағаттық аралықпен күніне 2 рет 1 суппозиторийден (250 000 ХБ). Әйелдерде урогенитальді жолдың инфекциялық-қабыну ауруларында: дәрігермен тағайындалған және бақыланатын спецификалық ем аясында қынап ішіне немесе ректальді (аурудың сипатына байланысты) 10 күн бойы 12 сағаттық аралықпен күніне 2 рет 1 суппозиторийден (250 000 ХБ). Аурудың созылған түрінде 1-3 ай бойы аптасына күнара 1 суппозиторийден 3 рет. Емдеу ұзақтығы Курстың дозасы мен ұзақтығы жасқа, нақты клиникалық жағдайға байланысты және емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.