+336 бонус

ГЕНЕРОЛОН 5% 60 мл спрей д/нар прим

6730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Миноксидил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Индастриал Фармасьютика Кантабрия С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір миллилитр спрейдің құрамында: белсенді зат: миноксидил - 50 мг, қосымша заттар: этанол (96%), пропиленгликоль, тазартылған су.
Қолданылуы
- 18-65 жас аралығындағы еркектердегі андрогенетикалық алопецияны емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әйелдерде - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ем алған және ем алмаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерге - бас терісінің түкті бөлігінің тұтастығы бұзылған пациенттерге (псориаз және күн астында күюді қоса) - бас терісінің түкті бөлігі қырылған пациенттерге - окклюзиялық таңғыштарды немесе жергілікті қолдануға арналған басқа препараттарды қолданған жағдайда - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
Дозасы
Препаратты қолданар алдында шаш пен бас терісінің түкті бөлігін мұқият құрғату керек. Генеролон, сыртқа қолдануға арналған спрей, 5 %, проблемалық аймақтың ортасынан бастап, күніне 2 рет, таңертең және кешке бас терісінің зақымдалған жерлеріне 1 мл дозада (10 басуға сай келеді) жағу керек. Жиынтық тәуліктік доза 2 мл-ден аспауы тиіс. Жаққаннан кейін қолды жуу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда қолдану ұсынылмайды. 18 жасқа толмаған пациенттерде миноксидилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда қолдану ұсынылмайды. 65 жастан асқан пациенттерде миноксидилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану бойынша арнайы нұсқаулар жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдану үшін. Ішке қабылдауға болмайды! Қолдануға дайындау: бұрандалы қақпақты шығарып алыңыз және өлшеуіш сорғыны бекітіңіз. Сорғының жоғарғы жағындағы түтікке шашатын қондырғыны бекітіңіз. Алғашқы қолданар алдында сорғыны ерітіндімен толтыру үшін бүріккіш қондырғыны 3-4 рет басыңыз, содан кейін препаратты қолдануға болады. Емдеу ұзақтығы Шаштың өсу әсері пайда болғанға дейін екі немесе одан да көп ай қажет болуы мүмкін. Егер шаштың өсуі қайта басталса, шаштың өсуін жалғастыру үшін Генеролон, сыртқа қолдануға арналған спрейін, 5 %, күніне екі рет қолдану керек. Расталмаған хабарлар өскен шаштың препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін үш-төрт айдан соң жоғалып кетуі мүмкін екенін және шаштың түсу процесі жалғасуы мүмкін екенін көрсетеді. Емдеу басталғаннан кейін 4 айдан соң жақсару болмаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.