+4500 бонус

ГЕМАНГИОЛ 3,75 мг/мл 120мл р-р

90000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пропранолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Пьер Фабр Медикамент Продакшн
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 4.28 мг пропранолол гидрохлориді (3.75 мг пропранололға баламалы), қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, натрий сахарині, құлпынай хош иістендіргіші, ваниль хош иістендіргіші, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Гемангиол® жүйелік емдеуді қажет ететін пролиферациялайтын инфантильді гемангиоманы емдеген кезде қолданылады: • өмірге қауіп төндіретін немесе организм жүйесінің функциясын атқаруына теріс ықпалын тигізетін гемангиомада • ауыртатындығымен және/немесе ойық жаралануды бұның алдындағы емдеу шараларына реакцияның жоқтығымен сипатталатын ойық жаралы гемангиомада • тұрақты тыртықтардың немесе деформацияның пайда болуының потенциалды қаупі бар гемангиомада Емдеу 5 апталықтан 5 айлыққа дейінгі балаларда жүргізілуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
емдеуді бастаған күн жасы 5 апталыққа жетпеген нәрестелер (шала туған балалар үшін нәрестенің нақты жасының мәнінен күні жетпей туған жүктілік аптасының санын алып тастау арқылы сәйкес жасын анықтайды) емшек еміп жүрген нәрестелерге, егер анасы пропранололмен бірге қабылдауға болмайтын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген жағдайда белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде демікпенің немесе бронх түйілуінің болуы екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада синоаурикулярлық (синоатриальді) блокаданы қоса, синустық түйін әлсіздігінің синдромы жүректің жиырылу жиілігінің төмендегі шектен төменге сиреуі: Жасы 0-3 айлық 3-6 айлық 6-12 айлық Жүрек ырғағы (минуттық соғуы) 100 90 80 артериялық қысымның келесі шектен төмендеуі: Жасы 0-3 айлық 3-6 айлық 6-12 айлық Артериялық қысым (мм с.б.) 65/45 70/50 80/55 кардиогенді шок емдеу кезіндегі жүрек функциясының бақыланбайтын жеткіліксіздігі Принцметал стенокардиясы шеткері артериялық қан айналымының айқын бұзылулары (Рейно синдромы) сәбилердегі гипогликемияға бейімділік феохромоцитома
Дозасы
Препараттың дозасы пропранолға есептегенде көрсетілген. Ұсынылған бастапқы доза: 1 мг/кг дозаны тәулігіне екі бөліп 0,5 мг/кг қабылдау. Дозаны дәрігердің бақылауымен емдік дозаға дейін мынадай түрде арттыру ұсынылады: 1 апта ішінде тәулігіне 1 мг/кг, содан кейін 1 апта ішінде тәулігіне 2 мг/кг, содан кейін демеуші доза ретінде тәулігіне 3 мг/кг. Ұсынылған емдік доза: тәулігіне 3 мг/кг екі қабылдауға (таңертең және кешке 1,5 мг/кг). Екі қабылдау арасындағы аралық 9 сағаттан кем болмауы тиіс. Гипогликемия қаупін болдырмау үшін препаратты тамақ кезінде немесе одан кейін бірден қабылдау қажет. Егер бала тамақ іше алмаса, тамақтанудан бас тартса немесе оның құсу рефлексі байқалса, препаратты қабылдауды өткізіп жіберу ұсынылады. Баланың препараттың толық дозасын алғандығына сенім болмаған жағдайда (мысалы, құсып тастау жағдайында) балаға осы дозаны қайталап беруге болмайды. Титрлеу фазасы кезінде дозаның әрбір артуын дәрігер бастапқы дозаны қабылдау сияқты жағдайларда жүзеге асыруы және бақылауы тиіс. Доза титрленіп болған кезде, дәрігер баланың дене салмағына байланысты енгізілетін препараттың мөлшерін түзетуі қажет. Баланың жай-күйіне клиникалық бақылау жасау және дозаны түзету айына кемінде бір рет жүргізіледі. Енгізу әдісі және жолы Ішуге арналған. Гемангиол® препаратын пропранолол мөлшері бойынша миллиграммда калибрленетін қоса беріліп отырған шприц-дозаторды пайдалана отырып баланың аузына тікелей енгізген жөн. Қолданар алдында құтының ішіндегісін шайқамаңыз! Қажет болған жағдайда препараттың өлшенген дозасын тамақтандыруға арналған бөтелкеге (бір шай қасық (шамамен 5 мл) – дене салмағы 5 кг – ға дейінгі балаларға, бір ас қасық (шамамен 15 мл)-дене салмағы 5 кг-нан асатын балаларға) балалар сүтінің шағын мөлшеріне немесе жасына қарай бейімделген алма және/немесе апельсин жеміс шырынына қосуға болады. Препаратты толық бөтелкеге қосуға болмайды. Дайын қоспаны 2 сағат ішінде пайдалану керек. Гипогликемия қаупінің алдын алу үшін Гемангиол® препаратын беру және тамақтандыруды бір адам жүзеге асыруы тиіс. Егер Гемангиол® препаратын тамақтандыруға және беруге әртүрлі адамдар қатысса, онда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара жақсы байланыс орнату қажет. Қолдану бойынша нұсқаулық:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.