+290 бонус

ГЕЛОФУЗИН 500 мл р-р Сукцинилированный желатин/Натрия хлорид

9:00-ден кейін қолжетімді
5800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты желатина
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: B.Braun medical
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1000 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: сукцинилденген желатин, 40,00 г, (молекулалық салмағы, орташа өлшенген 26 500 Дальтон) қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді ерітіндісі (40%), инъекцияға арналған су. Электролиттердің концентрациясы – натрий 154.0 ммоль/л, хлоридтер 120.0 ммоль/л, теориялық осмолярлығы 274 мОсм/л, рН 7.1- 7.7
Қолданылуы
Гелофузин плазманы алмастырғыш деп аталады. Бұл қантамырларынан жоғалғандардың орнын толтырады дегенді білдіреді. Гелофузин келесілер үшін қолданылады: - мысалы, операциядан, жазатайым оқиғадан немесе күйіктен кейін жоғалған қан мен организм сұйықтықтарының орнын толтыру. Қажет болса, оны қан құюмен біріктіруге болады. - жұлын немесе эпидуральді анестезия алған кезде немесе хирургиялық жағдайларда ауыр қан жоғалтудың туындауы мүмкін төмен артериялық қысымның (гипотензия) алдын алу және емдеу; - мысалы, басқа инфузиялық сұйықтықтармен біріктіріп жүрек-өкпе реанимациясына арналған аппаратты пайдалану кезінде айналымдағы қан көлемін толықтыру
Қарсы көрсетілімдер
• егер желатинге немесе осы дәрілік препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия болса (6-бөлімде берілген); • егер «галактоза-α-1,3-галактоза (альфа-Gal) немесе қызыл ет (сүтқоректілердің еті) және ет өнімдері" деп аталатын аллергенге аллергия болса • егер айналымдағы қан мөлшері тым көп болса; • егер су көп болса; • егер жүрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілі бір түрі болса (жүрек функцясының жедел іркілген жеткіліксіздігі);
Дозасы
Ересектер Препараттың мөлшері мен қолдану ұзақтығы қанның немесе сұйықтықтың жоғалуына, сондай-ақ пациенттің жағдайына байланысты. Емдеу кезінде дәрігер талдауларды жүргізеді (мысалы, қан талдауы мен артериялық қысымды тексеру), ал Гелофузин дозасы организмнің қажеттіліктеріне сәйкес түзетіледі. Қажет болған жағдайда қан немесе эритроциттік массаны құю да жүргізілуі мүмкін. Балалар Бұл дәрілік препаратты балаларда қолдану тәжірибесі өте шектеулі. Емдеуші дәрігер бұл дәрілік препаратты баланы қалпына келтіру үшін қажет деп тапқан жағдайда ғана енгізеді. Мұндай жағдайларда клиникалық жағдай ескеріліп, терапия әсіресе мұқият бақыланады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.