+104 бонус

ГЕЛЬМИНТОКС 125 мг/2,5 мл 15 мл суспензия

2080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пирантел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Лаборатория Иннотек Интернасиональ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл суспензияның құрамында белсенді зат - 14,42 г пирантел эмбонаты (5,0 г пирантелге шаққанда) қосымша заттар: сұйық кристалданатын сорбитол, глицерин, полисорбат 80, соя лецитині, повидон, сусыз лимон қышқылы, натрий бензоаты (Е 211), силиконды эмульсия, қара қарақат/карамель хош иістендіргіші (ванилин, диацетил қоспасының 7% (көлемге көлем) ерітіндісі, бензой альдегиді, лактондар, ионондар, ішінара детерпенацияланған лимон эфир майы, қара қарақат бүршіктерінен алынған экстракті және пропиленгликольдегі қара қарақат алколяты), алюминий және магний силикаты, тазартылған су.
Қолданылуы
Гельминтокс 125 мг/2,5 мл, ішуге арналған суспензиясы ересектер мен балаларда қолданылады: - аскаридозда - энтеробиозда (острицалардың жұғуы) - анкилостомозда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жержаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдық - 6 айға дейінгі балалар
Дозасы
1 мл суспензияның құрамында 50 мг пирантел бар, 1 өлшеуіш қасықта (2,5 мл) 125 мг пирантел болады. Энтеробиоз және аскаридоз Әдеттегі дозасы бір реттік дозасы түрінде 10 мг/кг-ден 12 мг/кг дейін құрайды, яғни: - балаларға: 10 кг-ге 1 өлшеуіш қасық бір рет. - салмағы 75 кг-ден аз ересектерге: бір қабылдауға 6 өлшеуіш қасық - салмағы 75 кг-ден асатын ересектерге: бір қабылдауға 8 өлшеуіш қасық Энтеробиоз кезінде паразиттерді түбегейлі жою мақсатында қатаң гигиеналық шараларды қолдану, сондай-ақ, отбасы мүшелерін емдеу қажет. Қайталап жұқтырудың алдын алу үшін, екінші дозасын алғашқысынан кейін 3 аптадан соң қабылдау ұсынылады. Анкилостомоз Эндемия аймақтарында, Necator americanus жұқтырған жағдайда немесе Ankylostoma duodenale ауыр түрін жұқтырған жағдайда, дозасы екі-үш күн бойы күніне 20 мг/кг (1 немесе 2 қабылдауға) құрайды, яғни: - балаларға: әр 10 кг салмаққа күніне 2 өлшеуіш қасық - салмағы 75 кг-ден аздарға: бір қабылдауға 12 өлшеуіш қасық - салмағы 75 кг-ден асатындарға: бір қабылдауға 16 өлшеуіш қасық Эндемия аймақтарынан тыс Ankylostoma duodenale жұқтырған жағдайда (жеңілірек өтеді) бір қабылдауға 10 мг/кг дозада тағайындайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке. Суспензияны қолданар алдында шайқау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.